Мейрамбек Бесбаев туған күнін дүркіретіп атап өтті

08 қараша 2021, 15:07

Мейрамбек Бесбаев 45 жасқа толды. Әнші мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Мерекелік кеште өнер иелері бас қосты. Қуанышымен құттықтап, ізгі тілегін айтты.

Туған күнде Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Ернар Айдар, Мәдина Сәдуақасова, Нұрболат Абдуллин, Қайрат Нұртас, Айгүл Иманбаева, Арман Дүйсенов, Сейфуллин Жолбарыс, Алтынбек Қоразбаев одан өзге де танымал жұлдыздар қонақ болды.

Бесбаев думанды кешті Алматы қаласының ең қымбат мейрамханаларында атап өтті. Әншінің туған күнінде ет жақындарымен жақын достары, өнердегі ағалары бас қосты.

Желі қолданушылары ақ тілегін арнап, әншіні туған күнімен құттықтады. 

stan.kz