Инста-Алаш

Мұхамеджан Тазабек:"Жұрттың бәрі жалмауыз, кісінің бәрі қылмыскер боп кеткен, жақсы ойы бар адам қалған жоқ, қазір"

  • Мұхамеджан Тазабек:

    Мұхамеджан Тазабек:"Жұрттың бәрі жалмауыз, кісінің бәрі қылмыскер боп кеткен, жақсы ойы бар адам қалған жоқ, қазір"

Таксист інім бар. Түнде таксовать етеді. Сол айтады: "аға, қазір жақсы адам қалған жоқ. Жұрттың бәрі жалмауыз, кісінің бәрі қылмыскер боп кеткен, жақсы ойы бар адам қалған жоқ, қазір" деп. Себебі, түнде жүреді. Түнде суыт жүрген адамдарды тасиды...

Ыңғай сондайлармен кезіккесін, дүниенің дидары қап-қара боп, пенденің бәрі қара ниетті көрінеді. Құранда "түнде кесір бар" деп бекер айтылмаған...

Қылмыстың да көбі түнде жасалады...



Расында, өмірге деген, адамдарға деген көзқарасың кіммен жүргеніңе, қайда жүргеніңе қатты байланысты...



Сәулелі адаммен жолдас болсаң, жанашыр ортада жүрсең, айналаң жап-жарық, жұрттың көбі мейірімді боп көрінеді...



Пиғылы бұзық, сөзі суық пенделермен сұхбаттасып, түсініксіз орта, кісіліксіз дастархандарда жүрсең, жұрттың бәрі ашулы, елдің бәрі қаскүнем секілді сезіледі...



"Кісі жолдасының дінінде" дейді хадисте...

Расында, оң-солымызға қарап, кіммен жолдас боп жүрміз, не тыңдап, нені қызықтаймыз, соған көп мән беру - маңызды шаруа.



"Менің ойым" деп айтып жүргеніміз, біз арқалап жүрген біреудің пікірі шығар? Жүректің түбіндегі түйсікті тыңдамай, қарша бораған көбік ақпараттың жетегінде кетіп бара жатқан жоқпыз ба?! 




Көрілген: 1133    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.09.2019, 08:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 12:37
    Ең шулы киім үлгілері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30