Инста-Алаш

Нәзия Жоямергенқызы:"Ал әлгі әнші әйелге түк болмады"

  • Нәзия Жоямергенқызы:

    Нәзия Жоямергенқызы:"Ал әлгі әнші әйелге түк болмады"

ЖАРНАМА мен АЛАЯҚ

Елді дүрліктірген жаңалық болды. Бір пирамиданың ұйымдастырушылары тұтқындалған. Адамдар ақпанның сақылдаған сары аязында далада жаураса да кетпей, полицейлерге жалынып жүр. Алаяқтардың үстінен арыз айтуға мен де барайын деп. Бір апа: «Алты балам бар, пәленбай мың ақша салдым, алданып қалдым» деп жыларман болды. Араларында көпбалалы аналармен бірге мүмкіндігі шектеулі қанша жан бар. Жасы мен кәрісі аралас. Неткен аңқаусыңдар, адамдар??? Кім сендерге оңайлықпен ақша берсін? Тегін үй, тегін пәленбай миллион ақша берем дегенде шынымен ойланбайсыңдар ма? «Бұл неғылған батпан құйрық?» деп??? Заңды күшейту керек алақтарға қатысты. Онсыз болмайды. Сосын пирамидалар мен әртүрлі фирма, компаниялардан көп ақша алып, оларды жарнамалайтындар да Заң алдында қатаң жауапқа тартылу керек. Кешегі пирамиданы бұған дейін шоу-бизнестің бірақ «шөпкетышары» жарнамалапты. Мыңдаған адам қан қақсап қалды қалталарындағы соңғы тиынына дейін санап беріп. Ол ақшаны түгел қайтара ала ма алаяқтар??? Егер көзі жетпесе, неге жарнамалайды әнші, күйші, биші, анау-мынаулар??? Жауап берсін! Ең алдымен қарапайым халықтың қаржылық сауатын ашуға көңіл бөлген жөн.
Өткенде балалардың тіс орталығын бір әнші әйел қайта-қайта жарнамалаған екен. Ал сол орталыққа екі жасар қыз бала комаға түсіп кетіп, 2 ай бойы ес-түссіз жатыр деген. Тағдыры белгісіз. Ал әлгі әнші әйелге түк болмады. Күні кеше ішінің майын алдырам деп, ажал құшқан сұлулық салонын да талайлар жарнамалағаны анық. Қарапайым адамдар ел алдында жүргендерге қалтқысыз сенеді. Әрбір жарнама үшін ақша аларда алдымен ойланып алған жөн. Әсіресе, пирамидалар, қаржы орталықтары, адам денсаулығы мен өміріне қатысты нәрселерде. Өткенде бір әріптес хабарласты, ажал мен кәріліктен басқаның бәріне ем болатын керемет май бар, сайтыңызда жарнамаласаңыздар, ақша төлейді деді. Мен «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, басқа құзырлы органдар рұхсат берген бе? Сертификаты бар ма?». Жоқ екен. «Елге танымал әншілер жарнамалап жүр» деді. Көбісі мен тыңдамайтын не танымайтындар. Бас тарттым. Ақша тапқан жақсы. Ақша тапқан жақсы. Бірақ адал еңбек, маңдай термен, абыроймен тапқан, ешкімнің өмірі мен денсаулығына қатер төндірмеген одан жақсы. 




Көрілген: 891    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30