Инста-Алаш

Неге жейдемен? Жағада жүгірген Назарбаевтың видеосы қазақстандықтарды таңқалдырды (видео)

  • Неге жейдемен? Жағада жүгірген Назарбаевтың видеосы қазақстандықтарды таңқалдырды (видео)

    Неге жейдемен? Жағада жүгірген Назарбаевтың видеосы қазақстандықтарды таңқалдырды (видео)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі Instagram желісінде оның жағада жүгіріп жүрген видеосын жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде тұңғыш президенттің неліктен жейде киіп жүгіріп жүргенін түсінбей аң-таң, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенті


Әлеуметтік желіде Елбасының спортпен шұғылданып жүрген сәтте түсірілген видеосы тарады.


«Елбасының дайындығына 1-ден 10-ға дейін баға беріңіздер» деп жазылған оның тұсында.


«Неге екені белгісіз, 5-6-7-сынып оқып жүрген кезімізде Шамалғандағы сыныптастар бәріміз теңізші болғымыз келді. Бәріміз теңізші болуды қаладық. Теңіз туралы әндер айтып жүрдік», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.


Желі қолданушылары өз кезегінде оған жарыса денсаулық тілеп жатты. Көпшілік оның неліктен жейдемен жүргенін түсінбейтінін айтты.


«Жүз жасаңыз», «Өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді», «Аман болсын. Оннан да жоғары бағаға лайық», «Оған футболға сыйлаңыздаршы», «Жыл тренді – жейде мен түсініксіз шорты», «Жейде киіп алып жүгіріп жүр ме?», «Атамыз көйлекпен де жүгіре береді екен», «Әрбір зейнеткердің дәл осылай жағада жүгіріп, бақытты болуға мүмкіндігі болсын», «Керемет», «Жақсы көремін сізді» деп жазды желі қолданушылары.




Көрілген: 3364    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.08.2019, 09:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30