Сәбидің арқасында тікенегі бары рас па?

Сәбидің арқасында тікенегі бары рас па?

ТІКЕНЕК‼️

Сәбидің алғашқы күндерінде суға шомылдырып, май жаққанда арқасында тікенегі бар дегенді естіп көрдіңіз бе?!

Кейбір бала дүние есігін ашқанда тікенегімен туылады. Медицинада "ЛАНУГА"-баланың құрсақішінде өсетін түгі (жүні) деп атайды. Сол түк балаға массаж жасағанда шыға бастайды. Қап-қара әрі қолыңызға кәдімгідей тікені сезіледі. Қолға сезілгендіктен, біздің аналарымыз— ТІКЕНЕК деп атаған.

Көп жерлерде мұны - әйел жүкті кезінде "жеті қазынаның бірі-итке" немесе мысыққа кет деп жекірсе, аяғымен тепсе, сәбиіне "мысықтікен", "иттиме" шығады деп есептеген.

Сонымен қатар әйел жүкті кезінде көп пісте (шемішкі) шақса немесе жүкті кезінде көп назарланған болса шығады деп те есептейді. Тікені бар бала мазасыз, ұйқысы нашар, түнде қолды-аяққа тұрмай жылайды деп санаған.

Тікені бар баланы емдеу:

қойдың майымен тікендері толық кеткенше сылай беру керек;

 су мен тұз қосып қамыр илеп арқасына домалатып өткізеді. Сонда тікенектер қамырға жабысып қалады. Ол қамырды кейін итке тастау керек сонда қайта тікенектер шықпайды деп есептеген.

ананың омырау сүтін ұнға араластырып, сол қамырды домалата отырып сипалаған. Қамыр тікенекті жинап алады.

 күнделікті күнбағыс майымен сипалап, кейін тікенек ұштары көрінгенде ақырындап жұлып алып тастайды.

Негізі қазақта тікенек текті балаға шығады деп санаған. Ол көбінесе: арқада, аяқта, құйрық тұсында, қолында болады. Ол баланың: "Қолынан қақпаңдар, Аяғынан шалмаңдар, Арқасынан соқпаңдар"—деген. Меселін жықпасаңыз, елі үшін еңбек етер жігіт болады деп жақсылыққа жорыған. Әсіресе ер балаларда жиі кездеседі.

ТІКЕНЕК ТУРАЛЫ ЕСТУІҢІЗ БАР МА?

#қазақтың_халық_емі 

gulsim_usenkyzy парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста