Сұрақ-Жауап. Кеңес

1411 байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді

  • 1411 байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді

    1411 байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қарамағындағы 1411 байланыс орталығы енді тәулік бойы қоңыраулар қабылдайды. Әлеуметтік төлемдер мен еңбек саласына қатысты кеңес беретін call-орталық қызметкерлері бұдан былай атаулы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметтер порталының жұмысына қатысты сауалдарға, сондай-ақ - info@info.mintrud.kz электронды поштасына келіп түсетін хаттарға да жауап береді.
«Бүгінде 1411 байланыс орталығына орташа есеппен бес мың қоңырау келіп түседі. Азаматтар демалыс және мереке күндері де қоңырау шалып, өз сауалдарына жауап ала алады. Жыл басынан бері 22 мың қоңырау келіп түссе, олардың басым бөлігі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, көп балалы аналардың ай сайынғы жәрдемақысы, атаулы әлеуметтік көмек мәселелерін қамтиды. Қызмет алушылар ХҚО-ға бармас бұрын, 1411-ге хабарласып, әлеуметтік қызметтерді рәсімдеуге қажет құжаттар тізімін де алдын ала біліп отыра алады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Біржан Жүнісов.
1411 бірыңғай қысқа нөміріне тегін қоңырау шала отырып, кез келген оператордан келесі мәселелерге қатысты жауап алуға болады:
- зейнетақы мен жәрдемақы рәсімдеу;

- көп балалы отбасының мемлекеттік жәрдемақысы;
- атаулы әлеуметтік көмек;
- әлеуметтік қызметтер порталы;
- еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау мәселелері.
Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы және еңбекпен қамту мәселесіне қатысты негізгі сауалдардың жауабын www.info.mintrud.kz сайты арқылы да білуге болады.


«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының
баспасөз қызметі

 

 

 




Көрілген: 425    Пікірлер: 0

жұма, 10.01.2020, 22:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:15
    Ерлер неден қорқады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30