Сұрақ-Жауап. Кеңес

15000 мыңға жуық жұмыртқалайтын қауіпті жәндік!

  • 15000 мыңға жуық жұмыртқалайтын қауіпті жәндік!

    15000 мыңға жуық жұмыртқалайтын қауіпті жәндік!

Кене жылы қанмен қоректенеді, қорексіз бірнеше жыл тіршілік ете алады және аналығы 5-15 мың аралығында жұмырытқалайды.

Кене көбінесе қора-жайларда, қи қоқыста, құс ұясында, кеміргіштерде олар-дың інінде, өсімдік түбінде, жабайы және ауыл шаруашылығы жануарларында да кездеседі. Жануарлар қанымен қоректеніп ғана қоймай, жануарлардың үстінде ауа райының қолайсыз кезінде мекен ретінде және қоныс аудару үшін уақытша пайда-ланады.

Сонымен, кене адамдарға Ку – қызбасы, Омбы геморрагиялық қызбасы, кене риккетсиозы, туляремия, кене энцефалиті, Конго Қырым геморрагиялық қызбасы сияқты аса қауіпті жұқпалы инфекцияларды жұқтырады, жұқпалы індет вирустарын өзінде сақтап, ұрпақтарына береді. Ауа райының жылы мезгілінде кенелер ауыл ша-руашылығы жануарларына жабысып, зиянын тигізеді.

Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының тұрғындары жыл сайын кене шағуынан медициналық көмекке жүгінеді және де тұр-ғындар арасында Конго Қырым геморрагиялық қызбасы тіркелуде.

Конго Қырым геморрагиялық қызбасы - адамдарды вирусты кене шаққан кез-де, кенені жалаң қолмен езу – жаншу кезінде адамдарда дене қызуы көтеріледі, бас, буын және бел ауырады, науқастан қан (мұрын, тістің қызыл еті) кету, лоқсу, құсу, денеде қан бөртпелері байқалады.

Осы ретте көбінесе адамдар өз денсаулықтарына немқұрайлық танытып жата-ды яғни, індеттің клиникалық белгілері адамдарда дене қызуы көтеріліп, бас, буын және бел ауырып, қан (мұрын, тістің қызыл еті) кету, лоқсу, құсу, денеде қан бөр-тпелері байқалғанда көбінесе ауа – райымен, тағамнан уланудан салқын тигізумен байланыстыру жиі кездесіп, денсаулықтары күрт нашарлаған кезде медициналық көмекке кеш жүгінеді, сол себепті Конго Қырым геморрагиялық қызбасынан өлім жағдайы тіркелуде.

Бұл індеттің алдын алу үшін жыл сайын Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қы-зылорда және Түркістан облыстарында 15000 жуық кене сынамасы зерттелініп, Конго Қырым геморрагиялық қызбасының вирусы кенелерден анықталуда.

Кенелердің санын азайту мақсатында Конго Қырым геморрагиялық қызбасына қолайсыз елді мекендерде мал қораларын және маңайын, үй ішін т.б. кенеге қарсы дезинсекция жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл жұмысқа мал шаруашылығы қызмет-керлері (мамандары), әсіресе, сол жердің тұрғындары міндетті түрде қатысулары қажет. Сонымен қатар, тұрғын үйлерде, мал қораларында кенелердің болмауын қа-дағалау керек.

Кене шаққан жағдайда вирустың берілуін тоқтату және жұқтырудың алдын алу үшін жабысқан кенені мүмкіндігінше тез алып тастау керек.

Ауырған адамдардың қаны үй заттарына жанасудан сақтанған жөн. Маңайда-ғы керексіз заттар, мал қораларындағы қи - қоқыстар жиналып өртеледі. Малды ме-ханикаландырылған шомылдырғыштарда тоғытқан дұрыс. Мал қораларын, сарай-ларды дезинсекциялау керек. Бұл жұмыстар міндетті түрде мамандардың бақыла-уымен жүзеге асырылуы шарт.

Кенені алып тастаудың қарапайым әрекеттері:

- ЕШҚАШАН кенені қорғалмаған қолмен ұстамаңыз!

- Кенені алып тастағанда қолғап кию қажет!

- Қарапайым қысқашпен өзіңіздің теріңізге мүмкіндігінше жақынырақ кенені ұстап алыңыз. Қысқашты қатты қыспай (кенені езіп алмас үшін), абайлап және ұқыпты (теңселтпей,жұлқыламай) тартыңыз;

- Алынған кенені сыйымдылыққа салып, оны қақпақпен тығыз жабыңыз;

- Кене алынған жерді спиртпен сүртіңіз;

- Тез арада медициналық көмекке жүгінген дұрыс.

Әр адам жеке басының қауіпсіздігін сақтау және кенеден қорғану үшін - таби-ғатқа шығатын тұрғындар мен саяхатшылар ұзын жеңді көйлек киіп, жеңдерін түй-мелеп, ұзын балақты шалбарды шұлықтармен қымтап кию керек, аяқ киім, бас киім киіп, өзімен бірге дененің ашық жерлеріне себетін медициналық дәрілік заттарды алып жүру қажет және өзінің қасындағы адамдардың денесінде кененің бар жоғын жиі тексеріп отыру керек.

Естеріңізде болсын, жеке бастың сақтық шараларын сақтай отырып және медициналық көмекке дер кезінде жүгінген жағдайда ғана ауруды ауыз-дықтай аламыз. 

ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК

«СЭСжМҒПО» филиалы

аса қауіпті инфекциялар мониторингі

бөлімінің зоологы Ө. Б. Үсенов




Көрілген: 559    Пікірлер: 0

жұма, 28.02.2020, 12:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:15
    Ерлер неден қорқады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30