Сұрақ-Жауап. Кеңес

2020 жылы мақсатқа жету үшін қандай жоралғылар жасау қажет

  • Көрнекі фото: © pixabay.com

    Көрнекі фото: © pixabay.com

Әне-міне дегенше доңыз жылы аяқталып, жаңа тышқан жылы босағамыздан кіріп келмек. Бұл ғажайып мерекеде көпшілік арманымыз, мақсатымыз орындалады деп сенеді. Тіпті, әртүрлі жөн-жоралғыларды жасап жатады. Осы ретте, KAZ.NUR.KZ порталы WomanHit.ru-ға сілтеме жасап арманыңыз орындалуы үшін не істеу қажеттігін анықтап көрген еді.

Жақсы энергия

Астрологтардың пікірінше, тек жақсы көңіл күйде армадау керек. Әйтпесе, жағымсыз энергия сіздің жақсы ойыңыздың бәрін құртады. Қажетсіз ойлардан арылу үшін оларды қағаз бетіне жазып, өртеп жіберіңіз. Қызыл жалынға қарап, ойыңыздан бар негативті шығарып, шешілмейтін мәселе жоқ екенін ұғыныңыз.

Блокнотты дұрыс таңдаңыз

Арманыңызды жазатын арнайы қойын дәптер сатып алудың мәні жоқ. Өйткені оның бағасы қымбат әрі өзіңіздегі жазба кітапшасынан еш айырмасы жоқ. Ақшаңызды құртқанша, арманыңызды қолыңыда бар күнделік немесе блокнотқа жаза беріңіз. Алдымен, жаңа жылды қалай қарсы алатыныңызды, содан кейін сүйіктіңізді, саяхаттау сияқты жаныңыз не қаласа, соның бәрін жазыңыз.

Ойды дұрыс тұжырымдау

"Көп ақша қалаймын" деудің орнына "2020 жылы Парижге бару үшін 1 миллион теңге таптым" деп жазыңыз. Арманыңызды неғұрлым дұрыс тұжырымдасаңыз, олар соғұрлым мақсатқа айналмақ. Емін-еркін армандауды үйреніңіз. Тіпті, голливудтық фильмге түскіңіз келсе де, сіз дұрыс бағытта қозғала бастасаңыз, арманыңыз міндетті түрде орындалады. Ең бастысы өзіңізге, күш-жігеріңіз бен қажыр-қайратыңызға сеніңіз!

Бөлісу не бөліспеу

Көптеген адамдар нәтижеден соң ғана жақындарыңмен бөліс деп жатады. Ал енді біреулер керісінше, армандаған сәттен-ақ айналасына бәрін жайып салады. Біз ортасында болғаныңыз дұрыс деп кеңес береміз. Егер арманыңызға қарай шынымен қадам жасап жатсаңыз, онда жоспарыңызды айтуға болады.

Нәтижені бақылау

Арманыңызды қағаз бетіне түсірген соң, блокнотты бөтен көздерден сақтаңыз. Бірнеше уақыт өткеннен соң қай жоспарыңыздың орындалғанын көру үшін қойын дәптерді ашып қаруыңызға болады. Сондай-ақ енді қай арманыңызбен жұмыс істеу керектігін де саралайтын боласыз.
 




Көрілген: 1048    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.12.2019, 14:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?
    4 Қаңтар, 12:54
    Адам неге кекіреді?
    25 Желтоқсан 2019
    Спираль қоюдың үкімі
    20 Желтоқсан 2019
    Ағзаны тазалау жолдары
    18 Желтоқсан 2019
    Фейсфитнес деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29