Сұрақ-Жауап. Кеңес

2020 жылы сәбилерге қандай есімдер жиі қойылған

  • https://zhanaqorgan-tynysy.kz/

    https://zhanaqorgan-tynysy.kz/

2020 жылы туған сәбилерге көбіне қандай есім қойылғаны белгілі болды. Олардың арасында бізге баяғыдан белгілі есімдер де бар болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Қазақстан Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2020 жылы туған ер балаларға Әлихан есімі жиі қойылған. Мұндай 4577 жағдай кездескен.

 

Айта кету керек, Әлихан есімі 2014 жылы да қазақстандықтардың ең сүйікті есімдерінің көшінде тұрған.

 

Жиі қойылған есімдердің екіншісі - Айсұлтан. 3320 ата-ана ұлына осы есімді қойған.

 

Ал Нұрислам есімі үшінші орында тұр. Былтыр туған 2904 балаға осы есім берілген.

 

Әрі қарай тізімде Әмір - 2314 адам, Алдияр - 2308, Әлинұр - 2216, Әли - 2001, Рамазан - 1948, Арсен -1830, Санжар - 1815 бала бар.

 

Ал қыздар арасында ең танымал есім Медина болып шықты. 5403 қызға осы есім берілген. 4855 балаға Айлин, 4588 қызға Раяна деген ат қойылған.

 

Сондай-ақ 2020 жылы қыздарға қойылған сүйікті есімдердің арасында Айша  - 4500 адам, Асылым - 4366, Айзере - 4293, Аяла - 4247, Айым - 3673, Томирис - 3293 және Айару деген 3252 қыз бар.

 

 

 




Көрілген: 3569    Пікірлер: 0

жұма, 08.01.2021, 13:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31