Сұрақ-Жауап. Кеңес

COVID-тен кейін иіс сезу қабілетін қалай қалпына келтіруге болады? Маман жауап берді

  • COVID-тен кейін иіс сезу қабілетін қалай қалпына келтіруге болады? Маман жауап берді

    COVID-тен кейін иіс сезу қабілетін қалай қалпына келтіруге болады? Маман жауап берді

Ақбота Малдыбаева бір айдан астам уақыттан бері түсініксіз күйде жүр. Ол барлық жейтін нәрседен бензин мен тұрып қалған пияздың иісі шығатынын айтты. Тамақтану процессі қыз үшін қиындық тудыра бастаған. 

 
Маусым айында Ақбота иіс және дәм сезбей қалған, бірақ бір айдан кейін бәрі қалпына келді. Бірақ қазан айында түсініксіз иістер қосылған. Өз бетінше ақпарат іздемек болған қыз ғаламторды ақтарып, жауап болар ешнәрсе таппаған. Есесіне өзі сияқты адамдардың көп екенін білген. 

Қызға дәрігерлер де көмектесе алмаған. Нәтижесінде, Ақбота сүйікті тағамдарының бір бөлігінен бас тартқан. 

"Бастапқыда тек тамаққа болды, кейін шеңбер кеңейді. Сабындардың иісі өзгерді. Тіпті, көшеден кетіп бара жатсам, бірден сол иіс шығады. Құсқың келеді. Қазір пияз бен етті мүлдем жей алмаймын", - деді Ақбота Малдыбаева.

Арна тілшілері бағдарламаның ресми парақшасында арнайы сауалнама ұйымдастырып, ұқсас жағдайға тап болған адамдарға "Сезім қабілеті қашан қайта оралды" және "ол толық қалпына келді ме" деген сұрақ қойды. Белгілі болғандай, адамдардың басым бөлігіне сезу қабілеті 1 айдан кейін оралған, біраз уақыт өтсе де ауытқушылықтар кездеседі.

Медицина ғылымдырының профессоры Алмаз Шарман әдетте ауырғандардың 90 пайызына сезу қабілеті 1 айдан кейін оралатынын айтты. Тек кейбір адамдарда ол ұзаққа созылуы мұмкін. Бұл мұрын аймағындағы жасушалардың зақымдануына байланысты. 

"Ұзақ уақытқа созылатын ауытқушылақтармен байланысты, яғни, жүйкенің өзі емес, оны қоректендіретін нәрселер. Нақты дәрі жоқ. Әзірге дәрігерлер сезу қабілетін жаттықтыруды ғана ұсынады. Мәселен, таныс иісті, лимон немесе гүлдіді алып, иіскейді. Олар осы иісті қабылдауға ұмтылады", - деді Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман.

Демек, жағымсыз иістен арылу үшін уақыт пен жаттығу керек. 




Көрілген: 723    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 12:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31