Сұрақ-Жауап. Кеңес

WhatsApp-та өшірілген хатты қалай оқуға болатыны белгілі болды

  • WhatsApp-та өшірілген хатты қалай оқуға болатыны белгілі болды

    WhatsApp-та өшірілген хатты қалай оқуға болатыны белгілі болды

Сарапшының айтуынша, арнайы бағдарламалардың көмегімен жойылған хаттарды оқуға мүмкіндік бар. Бірақ олардың денін тек Android операциялық жүйесі бар смартфондарға орнатуға болады


WhatsApp мессенджерінде сөйлесіп жатқан адамның қандай да бір себептермен өшіріп тастаған хатын арнайы бағдарламалар арқылы оқуға болады.

Бұл туралы "Синергия" университетінің ақпараттық технологиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Кейде WhatsApp-та хат алмасу кезінде әңгімелесуші бір себептермен сізге жазған хатын өшіріп тастайтын жағдайлар болады. Маманның айтуынша, арнайы бағдарламалардың көмегімен жойылған хатты оқуға мүмкіндік бар.

"Жойылған хабарламаларды қалпына келтіретін бағдарламалардың көбін тек Android операциялық жүйесі бар смартфондарға орнатуға болады. Өшірілген хатты оқуға мүмкіндік беретін танымал бағдарламалардың бірі Notif log notification history деп аталады", - деді сарапшы.

Бұған дейін WhatsApp-та жаңа функция іске қосылғаны хабарланған еді. Мессенджердің iOS-қа арналған жаңартылған нұсқасында QR-кодты анықтау функциясы пайда болды. Жаңа опцияның арқасында қолданушылар телефон нөмірі шифрланған жеке кодты бөлісе алады. Бұл комбинацияны алған соң сканерлеп, адамның нөмірін телефонға сақтайсыз.



sputnik.kz




Көрілген: 3462    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31