Сұрақ-Жауап. Кеңес

Адам ағзасын ерте қартайтатын тағамдарды білесіз бе

  • Адам ағзасын ерте қартайтатын тағамдарды білесіз бе

    Адам ағзасын ерте қартайтатын тағамдарды білесіз бе

 Өңделген, зиянды тағамдар ағза жасушасын тез қартайтады. Испанияның Наварра университетінің ғалымдары 20 жылға созылған зерттеудің арқасында осындай тұжырымға келді. Зерттеу нәтижесін жариялаған – American Journal of Clinical Nutrition ғылыми журналы деп жазады KAZ.NUR.KZ. порталы.

Испания ғалымдары зерттеу жұмыстарын 1999-2018 жылдар аралығында жасаған. Бұл тамақтану әдетінің артериалды қысым, диабет, семіру мен жүрек-қан ауруларына тигізетін әсерін анықтау мақсатында құрылған SUN Project жобасы аясында ұйымдастырылды. Зерттеушілер 51-91 жас аралығындағы 886 адамның ас жеу, тағам тұтыну әдетін, оның ағза ДНК-сына тигізер әсерін жиырма жыл бойы бақылапты. Адам ДНК-сында, хромосомалардың тұйықталған жерінде теломер болады. Олар ДНК-ны зақымданудан қорғайды. Ал теломер қысқарған сайын жасушаға көп зақым келеді де, адамның биологиялық қартаюы тез жүреді екен. Зерттеу кезінде ультраөңделген тағам өнімдерінің (тәтті сусын, түрлі қоспа араластырылған ет өнімдері, консерванттар, қанты мен майы көп тағамдар) теломерге кері әсері көп болатыны анықталды.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 812    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.09.2020, 09:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31