Сұрақ-Жауап. Кеңес

АҚШ мұсылмандарының мәзһабы қандай?

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Америка құрама штаттарындағы әлеуметтік саясат және түсіну институты осы заманғы америкалық мешіттерге қатысты арнайы зерттеу жүргізіпті  - америкалық жамағат арасында мәзһабтар мен діни тармақтардың қайсысы басымдық танытатынын анықтау мақсатында.

 

Бұл жайында islam.kz порталы Religion News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Бұл тарапта Иһсан Багби есімді сарапшы бастаған зерттеушілер тобы анықтағандай, негізінен сүнниттерден тұратын америкалық жамағат арасында түрлі мәзһабтар мидай араласып кеткен.

 

Бұдан бөлек, діни салада әйелдердің лидерлік рөлі артып келеді.

 

Америкалық мешіттердің атқарушы кеңесінде әйелдер қарасы 67%-ды құрап отыр. 2000 жылы бұл көрсеткіш 50%-дан аспаған болатын. 2010 жылы 59%-ға жеткен еді.

 

Бұған гендерлік теңдікке және адам құқығына айрықша мән беретін батыс елдерінің құндылығы өз ықпалын тигізгені себеп болып отыр.

 

Өздеріңіз білесіздер, әлемнің көптеген мұсылман елінде жергілікті жамағат нақты бір мәзһабты ұстанады. Ал АҚШ-та әлемнің әр түкпірінен келген ұлты мен тілі басқа мұсылмандардың арасында нақты бір мәзһаб басымдыққа ие емес.

 

Десе де құрама штаттар аумағында Ханафи және Шафиғи мәзһабы кеңінен тараған, сонымен қатар, Африкадан келген мұсылман иммигранттар қарасының көбеюіне байланысты Мәлік мәзһабын ұстанатындар қатары біртіндеп артып келеді.

 

Бір қызығы, исламды қабылдап жатұан жергілікті америкалықтар арасында Мәлік мәзһабын таңдайтыдар қарасы көп болып шыққан.

 

 

 




Көрілген: 1257    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.08.2021, 21:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31