Сұрақ-Жауап. Кеңес

АЛДЫМЕН ӨЗІҢ БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕН!

  • АЛДЫМЕН ӨЗІҢ БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕН!

    АЛДЫМЕН ӨЗІҢ БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕН!

Бірде данагөй қарт табиғаттың тамашасына сүйсініп, айналасындағы қызыл-жасыл түстерге тамсана қарап тұрады. Кенет осынау кереметке мойын бұрып қарауға мұршасы жоқ әлдебір ер адамның иығына ауыр жүкті арқалап, аяғы дірілдеп әрең кетіп бара жатқанын байқайды. Қара жұмысқа жегіліп, әбден азып-тозып, шаршағаны түрінен-ақ көрініп тұр. Бейтаныс жанды тоқтатқан қарт:

— Мұндай ауырды көтеріп, өзіңді сонша неге қинайсың? – деп сұрайды.

— Қанша қиналсам да, балаларым мен немерелерім ештеңеден таршылық көрмей, бақытты өмір сүрсе екен деймін, – деген әлгі адам:

– Менің арғы атам атамның бақыты үшін өзін ауыр жұмысқа салып, аянбай еңбек еткен. Өз кезегінде атам әкем үшін, ал әкем менің бақытым үшін дәл солай тер төккен. Кезек менде! Мен де өз балаларымның бақыты үшін қолымнан келгенінше аянбаймын, – деп сөзін аяқтайды. Жарлының сөзін бөлмей тыңдаған данагөй ақсақал:

— Ал отбасыларыңда бақытты біреу болды ма сонда? – деп сұрайды.

— Әзірше жоқ, бірақ балаларым мен немерелерім бақытты болатын шығар! – деген жарлының дауысы да арман мен үмітке тола шықты...

— Өкініштісі, өзі сауатсыз адам өзгеге кітап оқып, хат таныта алмайды. Ал жердегі көртышқан ешқашан биіктегі қыран құсты тәрбиелей алмайды! – деп терең күрсінген ақсақал сөзін ары қарай жалғап:

– Алдымен өзің бақытты болуды үйрен. Тек сонда ғана балаларыңа бақыт дегеннің не екенін көрсетіп, оларды да бақытты ете аласың. Ал бұл – балаларыңа жасаған сенің ең үлкен сыйлығың болмақ, – дейді.

 

Бақыт байлықта емес! Бақыт барды бағалай білуде!

 

Аударған: Құралай Мұратқызы

mazhab.kz




Көрілген: 740    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.08.2020, 19:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31