Сұрақ-Жауап. Кеңес

Әлеуметтік желіде аты-жөнді көрсету неліктен қауіпті - Сарапшы

  • © Sputnik / Наталья Селиверстова

    © Sputnik / Наталья Селиверстова

Сарапшы әлеуметтік желіде тіркелгенде аты-жөнді жазу қауіпті екенін айтты. Интернеттен жеке дерегіңізді тапқан алаяқтар сізді бопсалап, ақша талап етуі мүмкін, деп хабарлады "Прайм" агенттігі.

 

Gem4me мессенджерін әзірлеу тобының жетекшісі Ваге Закарян алаяқтар адамды жеке мәліметтер арқылы бопсалайтынын ескертті.

 

"Құмар ойындарға тәуелділік, ішімдікке салыну, көзге шөп салу &ndash  осы және басқа да ақпараттарды қолға түсірген адамға ақша төлеуге мәжбүр болуыңыз мүмкін. Оның өзінде өмір бойы кіріптар болмай, бір рет төлеп құтылсаңыз, жолыңыздың болғаны", - дейді сарапшы.  

 

Аты-жөнін жасырмайтын, өзінің дәулетімен мақтанатын, мысалы, қымбат курортта екенін айтатын адамдар болады.

 

"Бұл ұрыларға таптырмас ақпарат: жеке мәліметі бәріне белгілі бұл адам қазір басқа елдегі курортта демалып жатыр, демек оның үйіне түсетін уақыт келді деген сөз", - деп атап өтті Закарян.

 

Бүгінде адамдар әлеуметтік желідегі ашықтық зиян келтіруі мүмкін екенін түсіне бастады, сондықтан желіде шын атымен тіркелуді азайтып, мессенджерлерде қарым-қатынас жасауға ауысып жатыр.

 

Закарянның айтуынша, қазір Батыста әлеуметтік желілерден толығымен бас тарту идеясы кең тараған: олар мұны бір нәрсеге тәуелділіктен арылған еркін адамның белгісі деп санайды.   

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 3735    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.02.2021, 14:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30