Сұрақ-Жауап. Кеңес

Әлеуметтік желіде құпия хабарламаны қалай жіберу керек – маман кеңесі

  • © Public Domain

    © Public Domain

Instagram және WhatsApp, Telegram желілерінде хабарламаны ашқаннан хат кейін жоғалып кететін функция бар. Ресейлік цифрлық сараптама орталығының жоба менеджері Сергей Бодров "Прайм" агенттігіне осы әдіспен фотоны қалай жіберуге болатынын айтты.

 

"WhatsApp-та қазір функцияны іске қосқан кезде, жіберілген хабарламалар жеті күннен кейін жоғалып кетеді. Ал жеке чаттарда адам ол функцияны қосып немесе өшіріп қоя алады, ал топтық чаттарда оны тек топты ашқан адам ғана жасай алады", - дейді сарапшы.

 

Ал Instagram желісінде хатты жолдаған адам чатты жапқаннан кейін хабарламалар жоқ болып кетеді. Ал Telegram-да белгілі бір пайдаланушымен құпия чат құруға болады. Мұндай жағдайда 30 секундтан бір аптаға дейін өздігінен өшу функциясын қосып қоюға мүмкіндік бар.

 

Алайда маман мұндай чаттарда жеке және құпия ақпарат 100% қорғалмайтынын ұмытпауға шақырды. Себебі хабарламаны оқып отырған адам экраннан бірден скриншот жасап, сақтап ала алады. Кей чатта бір адамның скриншот жасағаны туралы ақпарат барлық қатысушыға көрінеді, алайда экран бетін видеоға түсіру арқылы оны да айналып өтуге болады.

 

Бодров желі арқылы сөйлескен кезде қауіпсіз деген ойдан аулақ болуға, сондай-ақ кейін өкініп қалатын ақпарат пен фотоны жібермеуге кеңес берді. Құпия чаттың өзі кей ақпараттың құпия мәнін сақтауға көмектеспейді.

 

 

 

sputnik.kz

 

 




Көрілген: 3103    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.12.2020, 19:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31