Сұрақ-Жауап. Кеңес

"Алтын" алқа", "Күміс алқа" , "Батыр ана", "Ана даңқы" атағын алған аналар қатарынан болсаңыз...

  • "Алтын" алқа", "Күміс алқа" , "Батыр ана", "Ана даңқы" атағын алған аналар қатарынан болсаңыз...

Егер сіз "Алтын" алқа", "Күміс алқа" , "Батыр ана", "Ана даңқы" атағын алған аналар қатарынан болсаңыз, сіз ХҚО арқылы мемлекеттік жәрдемақыға өтініш бере аласыз. Біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында аталмыш қызметке өтініш беру жолдарын айтатын боламыз.
ХҚО арқылы:
Ең алдымен өз қалаңыздағы кез-келген ХҚО-ға кезекті онлайн брондап баруды ұсынамыз;
Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсыру арқылы жәрдемақыға өтініш бере аласыз:
Жеке куәлік;
Дәрежеңізді растайтын құжат, яғни кітапша;
Банктік есепшот жайлы анықтама;

SMS хат арқылы:
Егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, "Алтын" немесе "Күміс" алқа табысталғаннан кейін, жәрдемақыға проактивті түрде өтініш білдіруге SMS хат келіп түседі.
Хабарламаға оң жауап беріп, банк шотын жазып жіберсеңіз, ХҚО-ға бармай-ақ қоюға болады.
Мобильді азаматтар базасына тіркелмеген аналарға SMS-хат келмейді.

Жәрдемақы мөлшері барлық дәрежелер үшін &ndash 6,4 АЕК (17 779,2 тг).

Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 7 жұмыс күні.

Есіңізде болсын!
Жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап төленеді. Егер өтінішті дәреже алған кезден кешіктіріп өткізсеңіз, қайта есептеу жүргізілмейді.
"Алтын алқа" мен "Күміс алқа" дәрежелері жергілікті әкімдікпен тағайындалады.




Көрілген: 6472    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.12.2020, 18:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31