Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Астролог ақшадан қысылмай өмір сүретін жұлдыз белгілерін атады

23 шілде 2022, 23:01

Астрологтар қаржылық жетістікке байланысты мәліметті адамның туған шоқжұлдызына қарап болжап айтуға болатынын жеткізді, деп санайды Zakon.kz.

5-tv.ru шоқжұлдыздар ішінде бесеуі ақша табу үшін көп бас қатыруды қажеті етпейтінін, өйткені жұлдыздар бастапқыда олардың жайлы өмір сүруі тұрғысында алдын ала орналастырылғанын хабарлайды.

Тауешкі

Бұл белгінің үнемді және ақылды өкілдері көп қиындықсыз ақшаны өзі магнит секілді тарта береді. Олар ақшаны қай кезде жұмсау керектігін оңай анықтайды, ал өз қажеттілігіне қанша керек болып тұрса да ақшаны жұмсаудан да бас тарта алады. Тауешкілер көбіне өкіртіп ақша табады, табысты келеді. Өйткені олар жұмыста қиындықтардан бойын аулақ ұстап, проблемаларға араласпау керектігін жақсы біледі.

Бикеш

Бикештер табысын адал еңбекпен табады. Тәулік бойы жұмысқа жегіліп, қолы сирек бос болады. Еңбектің жемісі өнбек. Табысы да жақсы болады. Сонымен қатар, олар өз ақшасын қалай басқару керектігін жақсы біледі.

Тоқты

Тоқты тек ақшаны табуды ғана емес, жалпы жұмыстан ләззат ала да біледі. Сондықтан олар жиі мадақ-мақтауға ие болып, қызметте көтермеленіп отырады. Бұл белгідегі адамдар қызметте тез көтеріліп, көп нәрседен сабақ алады. Сонымен қатар, олар ақша жинауды жақсы біледі.

Арыстан

Намысшыл, өзін-өзі жақсы көретін әрі сәнді өмір сүруге бейім арыстандар әрқашан басшылық лауазымдарға ұмтылады. Өйткені, сол кезде ғана жоғары табысқа кепілдік барын олар жақсы біледі. Ақша да өздеріне магнит секілді тартылады, деп жазады Belnovosti порталы.

Таразы

Таразы жетістігінің құпиясы - өз санаткерлік қабілеттерін монетизациялай алуында. Олар тез көшбасшы болып, лайықты жалақысын оңай белгілетеді. Сонымен қатар, олар әрқашан қандай да бір бизнеске ақша салу мүмкіндігін іздеп тұрады, ол өз кезегінде жеміс беріп, Таразының табысын арттыра түседі.