Сұрақ-Жауап. Кеңес

Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау

  • Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау

    Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау

Егер сіз бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматқа күтім жасап отырған болсаңыз, онда жәрдемақы рәсімдеуге толық құқылысыз. Біз бүгінгі #oqy&toqy айдарымызда бұл жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу жолын көрсетпекпіз.
Тіркелген жеріңіз бойынша ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз
Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз
Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз:
Қызмет алушы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтың жеке куәліктері
Егер мүмкіндігі шектеулі азамат іске қабілетсіз болып танылған болса, онда оның заңды қамқоршысының құжаттары
Егер сенімді өкілі жүгінсе, оның нотариалды расталған сенімхаты
Егер оралман мәртебесі бар болса, онда оны растайтын құжат
Қызмет алушының бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқоршы ретінде белгіленгенін растайтын құжат
Мүмкіндігі шектеулі азаматтың мүгедектігі туралы сараптама орталығының анықтамасы
Жәрдемақы аударылатын есепшот жайлы банк анықтамасы
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін &ndash Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы

ХҚО-ға қызметті рәсімдеу үшін, I топтағы мүгедек іске қабілетсіз болса, онда оның заңды өкілі немесе қамқоршысы келеді. Ал іске қабілетті болып табылған азамат өзі келуі қажет.
Қызмет көрсету уақыты &ndash құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 7 жұмыс күні
Ескерту, құжаттарды толықтыру немесе басқа да өзгерістерге байланысты жәрдемақы тағайындау уақыты 30 күнге дейін ұзартылуы мүмкін
Жәрдемақы мөлшері &ndash 45736 теңге
Ескерту, бұл жәрдемақы, I топтағы мүгедектігі бар кәмелет жасына толған, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күтушілеріне тағайындалады.




Көрілген: 1843    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 18:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31