Сұрақ-Жауап. Кеңес

Баланың қабілетін қалай ашу керек? Ата-аналарға кеңес

  • Баланың қабілетін қалай ашу керек? Ата-аналарға кеңес

    Баланың қабілетін қалай ашу керек? Ата-аналарға кеңес

Баланы дамытуда дарынынан қалай айырылып қалмау керек және оның әлеуетін қашан ашу керек? Бұл туралы i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психология ғылымдарының кандидаты Гули Базарова түсіндіріп береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - Kcell компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңестер береді. Эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.


Жаңа шығарылымды бүгін, 13 қыркүйекте сағат 20:00-де Tengri TV YouTube-арнасынан көре аласыздар. Спикер "Баланың қабілетін қалай ашу керек?" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.

Гули Базарова Мәскеу психоанализ институтының жанындағы Практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қауымдастығының президенті, Ресейдегі жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына арналған алғашқы "БереZка" бизнес-форумының бас продюсері, қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды психологиялық қолдау орталығының жетекшісі.

Сондай-ақ, ол өзгерістер мен жаңа деңгейге көшу жағдайында топ-менеджерлермен жұмыс істеу үшін тренинг-консалтингтік компанияның құрылтайшысы.

Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен.

Видео-сұхбатты Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.




Көрілген: 608    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 00:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31