Сұрақ-Жауап. Кеңес

Бай баланы дүниеге әкелгіңіз келсе... (видео)

  • Бай баланы дүниеге әкелгіңіз келсе... (видео)

    Бай баланы дүниеге әкелгіңіз келсе... (видео)

 Болашақ балаңыздың жалақысы көп болғанын қалайсыз ба? Онда сіз міндетті түрде жеті саны бар күні босануыңыз керек! Бүгінде бақсы-балгердің орнын алмастырған нумеролог мамандары жас келіншектерге осындай кеңестер беріп әлек. Ал астрологтар жұлдыздардың орналасуына қарай сәбиіңіздің неге қызығып, қандай салада жұмыс істейтініне дейін айтып береміз деп сендіруде. Бұл қаншалықты рас? Әлде ырымға сенгіш қазақты алдаудың кезекті бір тәсілі ме? Бұған қатысты шариғат не дейді? Бұл туралы qamshy.kzақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасының дерегін негізге алып хабарлайды.


Бүгінде нумеролог пен астрологтар құдды бір бақсы-балгердің орнын алмастырғандай. Көкейінде жүрген кез-келген сұрақтың жауабын табу үшін халық соларға жүгінетін болған. Тіпті, баланы қай күні, сағат нешеде босану керектігіне дейін айтып береді. Бір қызығы, олардың кеңесіне құлақ асып, бұлжытпай орындайтындар жыл санап көбейіп барады екен.


"Менің кесероваға бара жатқандықтан, ай күн, сәтті деп менен аяғы ауыр әйелдер сұрап жатады. Ал мен сізге қандай сандар маңызды, баланың денсаулығының мықты болғандығы ма немесе бай болғаны ма, қабілетті болғаны ма, содан кейін соған арнап, күн таңдаймыз. Солай туып жатады. Өйткені, сәтті сандар болады. Жолы болғыш, 7-8 саны. Мұндай адамға кез-келген есік ашық. Көбіне ата-аналар сондайды таңдайды",- дейді нумеролог Құралай Бақытқызы


"Бала спортқа жақын болсын десеңіз 4-і күні, саусағынан бал тамған өнер иесі болғанын қаласаңыз 7-сі күні босанғаныңыз жөн" дейді нумерологтар. Есімін кім деп қоямын деп басыңыз қатып жатса, оған да қам жемеңіз. Одан бөлек, мұғалім, дәрігер, тіпті президент бола ма, оны да есептеп, айтамыз деп сендіріп отыр. Болмаса, көмекке астрологтар келуге дайын.


"Баланың болашақта қандай болатынын анықтау үшін біз Марс жұлдызын алып қарастырамыз. Ол біздің барлық қызығушылығымызға жауап береді. Мәселен, егер сіз туғанда, Марс планетасы отты зодиак белгілеріне сәйкес келіп тұрса, онда сіз спортқа жақын боласыз деген сөз, зодиак белгіңіз сулы болса, өнерге, ал жердегі белгіде туылсаңыз, демек ғылым мен білімге қызығасыз. Кейін болашақта баласына үйірме таңдағанда қателік жасап, өкініп қалмау үшін ата-аналар маған келіп, астрологиялық карта жасайды. Ал мен оларға дұрыс бағыт-бағдар беруге тырысамын", - дейді Арман Штатпаев атты астролог.


Қазақ бұрыннан ырымшыл халық қой. Жылдар бойы бала көтере алмай қалғандар түрлі айла-тәсілдерге баратын еді. Жас анадан баласының жөргегін сұрайды, көпбалалы ананың іш киімін ұрлайды, тағысын тағы. Бірақ, көп келіншек заманауи жолдарды құптамайтын болып шықты. Оны аналар арасында сауалнама жүргізу арқылы білдік.


Кішігірім сауалнама жасаған кездің өзінде қыз-келіншектердің дені бұл мәселеде дінді алға тартып отыр. "Бәрі адамның емес, Алланың қалауымен болады" дейді. Ал бұған қатысты шариғат не дейді?


"Кез-келген Құдайдың күні ол сәтті күн болып саналады. Дегенмен діннің ішінде де жұлдызнамаға байланысты,әлемнің үйлесіміне, гармониясына байланысты бір сандар бар. Яғни, жылдың уақыттарында немесе аптаның күндерінде бір сәттілік деген дүниелер бар. Мысалы бейсенбі күні туған балалар зерек болады. Жұма күні туғандар діндар болады немесе сенбі күні туған балалар кішкене жалқаулау болады деген көзқарастар бұрында да болған", - деп пікір білдірді дінтанушы Кеңшілік Тышқан.


Осылайша, біз тілдескен мамандардың ойы қақ жарылды. Бірі баланы сандардың құдіретіне сүйеніп, жоспарлап босанған жөн дейді. Өзгесі бұған үзілді-кесілді қарсы. Ал дүние есігін әлі ашпаған баланың тағдырын арнайы мамандардың көмегіне сүйеніп, шешіп жүрген ата-аналардың іс-әрекеті қаншалықты қисынды, ол жайлы байламды патша көңілді көрерменнің өзіне қалдырдық!



Qamshy.kz




Көрілген: 1251    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.05.2019, 12:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30