Сұрақ-Жауап. Кеңес

Бүлікшілермен бірге дүкен тонағандар қандай жаза алады – заңгер жауабы

  • © REUTERS / PAVEL MIKHEYEV

    © REUTERS / PAVEL MIKHEYEV

Заңгер Евгений Яворский Қазақстандағы жаппай тәртіпіздіктер кезінде қарақшылармен дүкен тонаған адамдарға қатыста қандай жаза қолданылатынын айтты.

 

Заңгердің айтуынша, олар Қылмыстық кодекстің 191 бабы - "Тонау" бойынша жазаға тартылады. Бұдан бөлек, 192-бап - "Қарақшылық" пен 196-бап - "Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу" бойынша жазаға тартылуы мүмкін.

 

"Жаза қылмыстың ауырлығына қарай тағайындалады. Ол айыппұл болуы да мүмкін", – деді Яворский "31 канала" арнасына берген сұхбатында.

 

Айта кетері, Қазақстанда ұрлаған мүлікті сатып алғандар да жазаға тартылады. Ондай әрекет үшін 160 - 4 000 айлық есептік көрсеткіш (490 080 - 12,2 миллион теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Тонау фактісі - 2 000 АЕК (6,1 миллион теңге), ал қарақшылық шабуыл үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

 

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан тоналған дүкендерге қарапайым халықтың да кіргенін анық көруге болады. Кейбіреулер алған затты "жерден тауып алдық" деп ақталды. Заңгердің сөзінше,  ондай әрекет те ұрлық болып саналады.

 

 

"Атамекен" ҰКП-ның соңғы ақпаратына сәйкес, республика бойынша бизнес 94,4 млрд теңге шығынға батты. Алматының өзінде 92,4 млрд тенгенің тауары ұрланып, мүлкі қираған.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 526    Пікірлер: 0

жұма, 14.01.2022, 18:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Желтоқсан 2021
    Ұл керек пе, қыз ба?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31