Сұрақ-Жауап. Кеңес

Елімізде емханаларға тіркелу науқаны 15 қарашаға дейін жалғасады

  • https://too-kazalyjdb.kz/

    https://too-kazalyjdb.kz/

Елімізде емханаға тіркелу науқаны жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Қазақстандықтар қарашаның 15-іне дейін қалаған дәрігері мен емдеу ұйымына ауыса алады. Ал міндетті медициналық сақтандыру қорына жарна салмайтын адамдар не істейді? Олар бұл мүмкіндікті пайдалана ала ма?

 

Надежда Арсобова темір жол саласында еңбек етіп, зейнетке шықты. Бұған дейін дәрігерге жұмыс орны бойынша қаралып келген ол енді үйіне жақын емханаға ауысып жатыр.

 

Надежда Арсобова, қала тұрғыны:

 

- Небәрі 5-ақ минут болдым. Тез тіркеді. Енді тұрғылықты мекенжайым бойынша қызмет аламын.

 

Бұл – Петропавлдағы ең ірі аумақтық емхана. Оған 82 мың адам тіркелген. Енді олардың қатары тағы да артуы мүмкін. 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда жылына бір рет өтетін тіркеу науқаны басталды.

 

Фарида Атантаева, қалалық №2 емхананың статисті:

 

- Артымыздағы 5 күнде 170 адам тіркелді осы науқан бойынша. Тіркелген адамдар әртүрлі. Өзінің тұрғылықты жерін ауыстырған немесе басқа қаладан көшіп келгендер, ауылды жерлерден көшіп келгендер. Бізді өзі таңдап келген адамдар.

 

Бұл таңдауды міндетті медициналық сақтандыру қорына тіркелмеген тұрғындар жасай ала ма? Солтүстік Қазақстан облысында ондай 130 мыңға жуық адам бар.

 

Гүлнәр Қалиева, Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

 

- Жалпы халықта мұндай ұғым бар – егер де менде міндетті медициналық сақтандыру болмаса, мені ауруханада қабылдамайды деген. Бірақ бұл қате ұғым. Себебі ауруханада міндетті түрде қаралады. Оған кепілдендірілген медициналық көмек көрсетіледі.

 

Қалауың бойынша тіркелу қаланың бір шетінде тұрып екінші шетіндегі емханаға ауысу деген сөз емес. Ол дәрігерлерге де қиын. Мысалы қазір бір терапевтке 2200 адамға дейін бекітілген.

 

 

 

 




Көрілген: 450    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 09:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31