Ерлер үшін жыныстық қатынастағы ең қауіпті поза қандай?

13 сәуір 2018, 12:09

Кей кездері тым қатты құштарлыққа берілген ер азаматтар жыныстық қатынас кезінде әуретті жерін сындырып алып жатады. Ғалымдар бұған себеп болатын қауіпті позаны атады. Бұл туралы NUR.KZ порталы pohnews.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бразилиялық ғалымдар әйел адамды үстіне жіберіп, жыныстық қатынасқа түсу ер адамның жыныс мүшесінің сынуына әкеліп соқтыруы мүмкін екенін ескертуде.

Кампинос қаласындағы үш емхананың жедел жәрдем базасын бақылаған зерттеушілер осындай тоқтамға келген.

3 млн тұрғыны бар қалада 13 жыл ішінде 42 ер адам жыныс мүшесін сындырған екен. Олардың орташа жасы - 34.

Ғалымдардың, айтуынша олардың жыныс мүшесінің сынуына әйелдер 50%-ға кінәлі. Олар ерлердің үстіне шығып, төсек қатынасына түсуді қалағанда, оқыс жағдай орын алып отырған.

Сол себепті, зерттеушілер ерлерге жыныстық қатынас кезінде қарапайым позаларды қолдануға кеңес береді.