Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ғалымдар мезгілсіз өлімнің алдын алатын бірден-бір әдісті атады

  • Ғалымдар мезгілсіз өлімнің алдын алатын бірден-бір әдісті атады

    Ғалымдар мезгілсіз өлімнің алдын алатын бірден-бір әдісті атады

Бұл әдіс адам ағзасын түрлі созылмалы дерттерден де сақтайды. Ұлыбритания ғалымдары аптасына екі рет спортпен шұғылдану мезгілсіз өлім қаупін айтарлықтай азайтатынын анықтады, деп хабарлайды РИА Новости MedicalXpress порталына сілтеме жасап.


Мақалада жазылғандай, көптеген адамдар жұмыс күндері дене шынықтыруға мән бермей, жаттығуды сенбі немесе жексенбі күндеріне қалдырады. Осы уақытқа дейін ғалымдар мұны құптамайтын, алайда ұлыбританиялық мамандар демалыс сайын спортпен шұғылдану ағзаға жағымды әсер ететінін анықтапты.


Ғылыми топ 63 мың адам туралы деректерді саралады. Олардың бәрі аптасына екі рет спортпен шұғылданған: 150 минут байыппен дене жаттығуларын жасау немесе 75 минуттық интенсивті жаттығу. Белгілі болғандай, мұндай физикалық жаттығулар мүлдем спортпен шұғылданбайтын адамдармен салыстырғанда мезгілсіз өлім қаупін 30 пайызға төмендетеді екен.


Бұдан гөрі спортпен жиірек айналысу әрі жаттығу ұзақтығын қысқарту ағзаға жақсы әсер етеді, деп санайды зерттеушілер. Тіпті аптасына 150 минуттан аз дене шынықтырумен айналыссаңыз да, созылмалы сырқаттардың алдын алуға болады екен.


MedicalXpress атап өткендей, енді ғана спортпен шұғылдана бастағандар жаттығу алдында дәрігермен кеңескені жөн. Ең дұрысы, жаттығу ұзақтығын біртіндеп арттыру керек. Бой үйрене бастаған кезде, интенсивті дене шынықтыруға көшуге болады. Мамандардың айтуынша, жаттығу алдында қыздырынып әрі бұлшық еттерді созып дайындалу қажет.


sputniknews.kz


 




Көрілген: 1566    Пікірлер: 0

сенбі, 11.05.2019, 19:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30