Сұрақ-Жауап. Кеңес

Жаңа оқу жылы тақап қалды: балаға қандай сөмке әперуге болмайды?

  • Жаңа оқу жылы тақап қалды: балаға қандай сөмке әперуге болмайды?

    Жаңа оқу жылы тақап қалды: балаға қандай сөмке әперуге болмайды?

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп сөмкесіне қатысты негізгі талаптарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Оқушының сөмкесі, рюкзак дейміз ғой, бос сөмкенің салмағы бір келіден аспауы қажет. Арқаға тиіп тұрған жері қатты болуы шарт. Иықбаулары жалпақ, мойынға салмақ түсірмеуі тиіс. Сосын сөмкеге жарықтан шағылысатын арнайы белгілерді орнатқан жөн. Сонда түнгі уақытта көлік жүргізушілері балаларды алыстан көре алады", - деді Бекшин астанада өткен баспасөз мәслихатында.


Бас санитар қолда ұстайтын портфельді алмауға кеңес беріп отыр. Себебі бала бір жаққа қарай қисайып жүреді.


"Мектеп сөмкесінің салмағы оқушының бойы мен жас ерекшелігіне сай болуы шарт. Мәселен, 1-3 сынып оқушыларының сөмкесі 2 келіден аспауы тиіс. 4-5 сыныпта – 2,5 келі, 6-7 сыныпта – 3,5 келі, ал жоғары сынып оқушылырының сөмкесі 4,5 келіден артық болмауы қажет. Ауыр рюкзактың салдарынан сколиоз, остеохондроз сияқты аурулардың туындайтынын ұмытпауымыз қажет", - деп атап көрсетті Бекшин.


Мектеп формасы қандай болуы керек?

Бас санитар мектеп формасын таңдау бойынша да кеңес берді. Оның сөзіне қарағанда, ата-аналар мектеп формасы мен аяқ киімді дұрыс таңдаса, балалар сабақ кезінде ештеңеге алаңдамайды. Сондықтан ыңғайлы әрі сапалы киімді алған дұрыс. Сонда аллергиялық реакциялар да болмайды.


Ең бастысы, форма табиғи талшықтардан тұратын матадан тігілуі шарт. Олар - жүн, мақта, зығыр және жібек. Бекшиннің айтуынша, сапасыз формамен балалар емін-еркін жүре алмайды, себебі ондай матадан ауа өтпейді.


 


sputniknews.kz




Көрілген: 689    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.08.2019, 20:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31