Сұрақ-Жауап. Кеңес

Жапондық ерлі-зайыптылар не себепті төсекте бөлек жатқанды жөн көреді

  • Фото: Pixabuy

    Фото: Pixabuy

Жапонияда ерлі-зайыптылардің дені төсекте бірге жатқанды бұрыс санайды. Олардың мұндай тоқтамға келуіне бірнеше себеп бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ofigenno.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

126 млн халқы бар Жапонияның тұрғындары жер тапшылығына қарамастан, үйінде жеке-жеке төсек орны болғанына ерекше мән береді. Көптеген жапондық ерлі-зайыптылар үшін отбасылық өмірде төсекте бөлек жатқан қалыпты жағдай болып саналады. Оған бірнеше себеп бар:

 

Біріншіден, жас жұбайлар некесі қиылғаннан кейін көп ұзамай бір-біріне серік ретінде емес, жақыны ретінде қарай бастайды екен. Махаббат ешқайда жоғалмаса да, бір-біріне және бір-бірінің жеке аймағына деген құрмет пен сыйластық алға басатын көрінеді.

 

Оның үстіне еңбекқорлығымен танымал жапондық ерлі-зайыптылардың жұмыс уақыты әртүрлі болып жатуы сирек емес. Сол себепті, жұмысқа ерте тұра алуы үшін олар бір-бірлеріне қорылымен немесе өзге де ұсақ-түйек мәселелермен кедергі келтірмегенді жөн санайды.

 

Екіншіден, жапониялық қыз-келіншектердің дені баласын қасына алып жатып ұйықтаған дұрыс деп біледі екен. Осы орайда отағасы олардың төсегін тарылтпай, бөлек төсекте ұйықтауды ұйғарып жатады.

 

Зерттеушілер де баланы анасының түнде қойнына алып жатуының пайдасы зор екенін алға тартуда.
 




Көрілген: 4111    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.08.2020, 15:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31