Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жауапсыз махаббат

09 сәуір 2019, 11:49

Сендік емес, сендік болмас адамды сүю дейтін азап бар. Жан-жүрегіңмен таусыла ғашық боласың... Ішіңді бір от қарып тұрады. Ол ешқашан сені сүймес, оның жолы басқа, бақыты бөлек. Ең азаптысы ол сені ұстамайды, бірақ жібермейді де... Сенің сезіміңе жат боп қала беретін адамды сүю – өткен өмірдегі күнәларыңның есесіне жіберілетін жаза болса керек. Сен сүймеген, елемеген, сені көзбен сүйіп, іштен мүжілгендердің жауапсыз сезіміне жіберілген жаза. Үндемей келіп, үндемей кеткендердің көз жасының есесіне жіберілген жаза. Ол сендік емес. Түсінесің. Бірақ қолдан келер қайыр жоқ. Үндемей сүйе бересің. Жақсылыққа сенгің келеді, үмітіңді өшірмейсің. Қолдан түк келмегеніне түйілесің, ерніңді жымқырып тұрып күтесің... Кейде айнаға қарап, қабырғаның бойымен сырғып, жерге гүрс етесің. Жанарыңда от жоқ. Ойыңда тек: «Ол менікі!» деген сөз. Бұл да өзіңді алдау. Бұл кезеңде жүрегің шынайы махаббатқа кенелмейді. Үздіксіз арыңмен арпалысасың. Жүрек пен ақыл соғысы жүріп жатады. Анда-санда бір көрсем, сыртынан бір байқасам деп алып-ұшасың. Сол бір сәттен бүкіл ғаламға жетерлік ләззат аласың. Ол бар! Есірткі шеккен адам құсап есің кетеді. Бір сәттік қуаныш. Артынша азаптанасың. Көрген сайын «Не үшін???» деп сұрайсың. Бүл болмасаң, күл бол дегің келеді-ақ. Дей алмай дымың құриды. Қайтадан иттей боп келесің. Бар болсаң екен деп тілейсің...
Дүние алма-кезек. Не сен сүйесің. Не сені сүйеді. Жаныңа жара салған бумеранг сені тапса, бұл саф махаббат (мейлі тіпті жауапсыз болса да) келешектегі бақытты бонустармен марапатталар. Еңсеңді түсірме. Өмірде ғажайыптар боп тұрады. Бірақ бізді қинаған адаммен емес. Мүлде басқа адаммен.

Арсений Михайлов
Аударған Шынар Әбілдә

Фейсбуктегі парақшасынан