Жаулық және оның түрлері

Жаулық және оның түрлері

Жалпы жаулық (орамал) ­– көнеден келе жатқан әйел затының бас киімі. Жаулықтың тарихына тоқталар болсақ, өте арыдан сөз қозғауға тура келді. Қытай және парсы жазба деректерінде ертедегі Сақ және Массагет тайпаларының әйелдері басына шалма тәрізді орауыштарды орап жүргені туралы деректер кездеседі.

     Десек те, қайсы бір халық немесе дін өкілі болмасын жаулық - бұл жалпы адамзаттық сипат алған бас киім екені даусыз.  Келе-келе, әр халықтың ұлттық болмысына сай жаулығы және оның салыну үлгісі, өзіндік дәстүрі қалыптасты. Осылайша, орамал әйел затының басындағы «бүркеніші» ғана емес, сәндік бұйымына айналды. Әйелдердің орамалды ерекше талғаммен тағуы оны барынша түрлендіріп жіберді. Мәселен, Кеңес одағы құрылғанға дейін жалпы Орта Азия халықтарында орамалдың түрлері аз болмаған. Ол әр өңірдің климаттық жағдайына байланысты өзгеріп, бұған қоса сол өңірдегі ұлттардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарынан хабар берген.

    Мысалы, Қазақстан мен Қырғызстанда тұрмысқа шықпаған жас қыздар қызыл жаулық, ал тұрмыстағы әйелдер ақ жаулық салса, балалы болғаннан кейін олар жаулықтарын кимешекке айырбастаған. Осы ретте кимешек туралы да айта кеткеніміз жөн болар. Кимешек те рулық және өңірлік ерекшелігіне қарай алуан түрлі болып кездеседі. Әсемдеп тігілген кимешектің жақ үлгісіне немесе  кимешек үстінен оралатын шылауыш пен күндіктің пішініне қарап әйелдің қай өңірдің тумасы немесе қай рудың келіні екенін айттырмай аңғара алған. Ал Өзбекстан мен Түркменстан аймақтарында ауа-райы ыстық болғандықтан жұқа жібек шайыдан орамалдар салу кең тараған. Кейін Ислам дінінің әсерінен жаппай паранжа салу үрдісі орын алып, ол шапан тәрізді тігіліп, бетін жауып тұратын жылқының қылынан тоқылған ниқап тағылған. Басқа елдер сияқты Өзбек әйелдерінің де орамал салу үлгісі әр түрлі болып келеді. Салыстырмалы түрде қарағанда Тәжікстан және өзбекстандық әйелдердің орамал салу үлгісінде ұқсастық барын аңғаруға болады.

   Ал, Түркмен халқына келетін болсақ, Түркмендер де Қазақтар сияқты рулық айырмашылығына қарай орамал салу тәртібі қалыптасқан. Кең тараған екі түрі Теке руы мен Йөмут руының орамал салу үлгілері. Теке Түркмендер де орамалдың ішінен сырып тігілген (қалыпқа салынған) бас киім киіп, үстінен көлемді етіліп орамал орайды.

Әйгілі «Келеғай» жаулық

   Әзербайжандардың атақты «Келағай» жаулығы таза жібек кездемеден (мата) жасалып, оған арнайы қалыппен әртүрлі оюлар таза табиғи бояулармен бастырылады. Әзербайжан Республикасының батыс аймақтарында бұл жаулықтың «Чарғат» деп те атайды. Ормалдың бұл түрі Иран, Түркменстан, Әзербайжан және Кафказ елдерінде кең тараған. Келағай - 2014 жылы ЮНЕСКО-ның 9 –шы сессиясында Әзербайжан Республикасының бейзаттық мәдени мұралар қатарына енген.

 

 Көрменің көркін кіргізген «Павло посад» орамалы

  Ал орыстардың Павловский посадтағы шарфтар өндірісі облыста бұрыннан бар қолөнер тоқыма өндірісінің негізінде құрылды. Одан кейін орамал фабрикасы дамып, оны 1795 жылы Павлово ауылының шаруасы Д. Лабзин құрды. Шөбересі Я.Лабзин И.Грязновпен бірге сол кезде орыс қоғамында кең таралған басылған жүннен орамал шығаратын фабриканы қайта жаңғырттады. Сөйтіп, алғашқы «Павлово посад» орамалдары 1860 жылдардың басында шығарылды. Өндірістің гүлдену кезеңі 1870-1880-шы жылдар. 1881 жылы Яков Лабзин Ұлы герцогиня Александра Петровнаға жеткізуші атағын алды, кәсіпорын бүкілресейлік өнер, өнеркәсіптік көрмелерінде күміс медальдармен марапатталды. 1896 жылы Нижний Новгородта өткен өнеркәсіптік көрмеде мемлекеттік эмблеманы белгілер мен белгілерде бейнелеу құқығы алынды.

  Қазан төңкерісінен кейін кәсіпорын мемлекет меншігіне өтіп, Старопавл фабрикасы деп аталды. Кәсіпорын өз ассортиментін кеңейтеді, орамалдардың көрінісін (жануарлардың бейнелері, революция, индустрияландыру және ұжымдастыру тақырыптары бойынша суреттер) және мақта маталарын өндіруді модернизациялауға тырысуда. 1937 жылы фабрика Париждегі Дүниежүзілік өнер және өнеркәсіп көрмесіне қатысады. Соғыстан кейінгі кезеңде шәлілердің түсі мен ассортименті дәстүрлі мотивтер мен үлгілерді сақтай отырып кеңейе түсті. 1958 жылы Брюссельдегі Бүкіләлемдік көрмеде Павловтың орамалдары үлкен Алтын медальмен марапатталды. 1963 жылы фабрика «Мәскеу шаль» өндірістік бірлестігі аталды. 1995 жылдан - «Павлово Посад Шал Мануфактурасы» ААҚ болып құрылды.

 

Үш жылқыға бағаланған Бөрпе шәлі

    Орамалдардың ішіндегі ең құндысы - Бөртпе шәлі. Бүгінгі орта буын өкілдеріне жақсы таныс, жастардың есінде еміс-еміс қалған Бөртпе жаулыққа екінің-бірі қолы жете қоймағаны жайлы естеліктер де көп айтылады.  Бізбен селдір тоқылып, шеті айналдыра ұзын шашақты болып келетін Бөртпе шәліні төгілдіріп тағу, өз заманында әйелдерге ерекше көрік берген. Әдетте, Бөртпе шәлі арнайы жасалған жібек жіптен тоқылған. Соған сай оның бағасы да қымбат болған.  Қазақ әйелдерінің арасында 19-ғасырдың 2-ші жартысынан бастап қолданысқа ие болды. Оны қолы жеткендер Ресейден арнайы алдыртып отырған. Бір бөртпе шәлінің құны орта есеппен 3 жылқыға дейін бағаланған.

 

Сұлтан ТІЛЕК,

Анаға құрмет музейінің ғылыми қызметкері, этнограф

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста