Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қалың малдың құны қанша?

  • Қалың малдың құны қанша?

    Қалың малдың құны қанша?

 Анам кішкентай кезімде:


- Қызым, қызым, жан қызым.


Адал болар жар қызым.


Сендей қызды бұйыртқан,


Менің бағым бар қызым,- деп нәзік үнімен еркелетіп, сонан соң:


- Қызым, қызым, қыз-қызым,


Қызыма келер жүз кісі,


жүз кісінің ішінен,


алып кетер бір кісі,- деп әзіл-шыны аралас шумақтармен мені жар болуға дайындайтын.


Иә, қыз - келешек ана. Қыздың өзгенің босағасын аттап, сол шаңыраққа сіңісіп, бақытты болып кетуі кез-келген ата-ананың арманы. Келін атанған арудың артынан келетін қалың малдың құны бүгінде қанша теңгеге көтерілді? Жалпы қалың мал төлеудің маңызы қандай? Сіз қалың малға қанша алғансыз?


«Есім ханның ескі жолында» қызға төленетін қалың малдың кесімді мөлшері бес түрлі болған:


Олар:


1. Байлар мен билерге - «Жүз қырықтың қалыңы» деп жүз қой, қырық қара.


2. Жағдайы орташа болса «Жүз жиырманың қалыңы» - Жүз қой, жиырма қара.


3. «Қырық жетінің қалыңы» - жеті қара, қырық қой деген кесім ( байлардың, билердің «қатын үстіне» алатын кедейлердің қыздарына төленетін қалыңы)


4. «Он екі қара» - «дөңгелек қалың» (жары қаза болғанда кедей қызыг айттырап барғанда төленеді)


5. «Сегіз қара» (жарлы-кедейлердің өзара құда болғанда төленетін қалыңы)


Ал, қазіргі таңда кедей-бай бөлінбейтін қоғамда қалың мал құны кем дегенде 500 мыңнан бастау алып тұр.


Десек-те, қалың мал - қызға емес, қыздың әке-шешесіне берілетін ақша екендігін естен шығармаған жөн. Бойжеткеннің әке-шешесі жігіт жағынан берілсе де разы болып алу керек. Алынған қалың мал толығымен қыздың жасауына кетеді. Егер, бұл дәстүр - ескінікі, бізге керегі жоқ,- дер болсақ, оның түп-тамырымен кесіп,яғни қызды төркіндету мәселесінде доғару керек болады. Олай ету мүмкін емес. Қыздың жасауы - абыройы, ата-ананың Алла алдындағы парызы.


Oinet.kz




Көрілген: 2123    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.08.2019, 00:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30