Қасқырдың күшіктеуін тоқтататын күшәла қандай дауаға ем?

Қасқырдың күшіктеуін тоқтататын күшәла қандай дауаға ем?

Медицина дамымай тұрып та бағзы заманғы қазақтар түрлі аурудың емін дәл тауып, құлан таза айықтырудың жолдарын білген. Түрлі аурудың дауасын емдік шөптерден тапқан. Ертедегі қазақтар ем үшін қолданған өсімдіктің бірі әрі бірегейі - күшала. Аты да, заты да ерекше өсімдік қандай ауруларыға ем екенін Stan.kz тілшісі зерттеп көрді.
Күшала – халық емшілігінде ем және у ретінде пайдаланылатын улы өсімдік. Күшала жөтел, шаншу сияқты ауруларды емдеуге қолданылған.

Күшаладан дәрі жасау үшін оның бұршағының қабығын аршып, ыдысқа салып, үстіне су құйып қайнатады. Әбден қайнағаннан кейін бұршағын сүзіп алып, оның суына сүт қатып ішеді.

Сондай-ақ, оның 1,5 бұршағын ұсақтап, құрғақ күйінде 6 күндей жеп, соңынан жақсылап сорпаланады. Ұрғашы күшаланың бес не жетеуін қымызға қосып та емдік үшін пайдаланатын болған.

Ертеде күшаланы қасқыр көп болған жылдары оларды аулауға да пайдаланған. Ол үшін бір қойды бір айдан астам жеміне аз-аздан күшала қосып беріп баққан. Осы кездері бойына күшала уы жайылған қой өлген соң, оның жемтігіне қосып аздап күшала сеуіп, қасқыр жүретін жерге апарып тастайды. Ашыққан қасқырлар оны таласа-тармаса жеген соң кешікпей уланып өледі.

Сонымен бірге қаншық иттің күшіктеуін тоқтату үшін, күшаланы бір кесек етке қосып та берген. Саят кезінде тояттаған бүркітті аңға қайта ұшыру үшін күшаланың тарыдайын ұнтақтап, суға араластырып алған соң түтікпен жемсауына қарай бүркеді. Сәлден соң бүркіт жегенін дереу құсып, іші тазарады.

Күшаланы, әсіресе, мал емдеу практикаларында, жұқпалы ауруларды емдеуге қолданылады. Мысалы, құтпан малдың қауіпті ауруы қарақапталды емдегенде күшала түйірлерін жемге араластыра отырып береді (қ. Қарақаптал). Сондай-ақ, малдың өкпе сырқаттарын күшала көмегімен емдеген (қ. Өкпе).

Этнограф ғалым Ислам Жеменей:

Күшалә біздің жерде аз кездеседі. Иран елдерінде көбірек өсуі мүмкін. Емдік үшін қолданылады деп естідік, бірақ оны көріп тікелей практикадан өткізген жоқпыз. Өзім оның емдік қасиеттеріне сенемін.

Адыраспан пен күшәла өзіндік емдік қасиеті бар, бірақ олар жеткілікті дәрежеде зерттелмей жатқанын баса айтқым келеді. Арнайы зерттеушілер бөлініп, мемлекет қаржылай қолдау көрсетуі керек.


Мәліметтер: "Қазақтың этнографиялық категориялыр, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі" энциклопедиясынан алынды. 3 том
Материал авторы: Жанна Мәлік

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста