Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға қатысты жаңа өзгерістер күшіне енді

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің ақпаратынша, жүргізуші куәлігін алу кезінде талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енгізілген.


Енді қазақстандық жүргізушілер бұрынғыдай жеті дәрігерге емес, 4 дәрігерге қаралады. Яғни, жүргізуші куәлігін алу үшін терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-наркологтың тексерісінен өту жеткілікті.


"Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес", - делінген хабарламада.


Бұдан бөлек психиатриялық-наркологиялық диспансерден анықтама алу тәртібі де жеңілдеді.


Енді терапевт барлық мәліметті "Диспансерлік науқастардың электронды тізімі" ақпарат жүйесінен қарап, тиісті анықтаманы береді.


Медициналық анықтама қай кезде талап етіледі


Жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдегенде;


Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;


Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.


 




Көрілген: 1616    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.08.2019, 20:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30