Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстанда қандай инфекциялық аурулар тараған кезде карантин жариялануы мүмкін

  • Қазақстанда қандай инфекциялық аурулар тараған кезде карантин жариялануы мүмкін

    Қазақстанда қандай инфекциялық аурулар тараған кезде карантин жариялануы мүмкін

Шектеу шараларын, оның ішінде карантин жариялауға әкеп соғатын инфекциялық аурулардың тізімі жарияланды. Қазақстан шектеу шараларын енгізу қағидалары мен карантин жарияланатын инфекциялық аурулардың тізімін бекітуді жоспарлап отыр.

Тиісті бұйрықтың жобасы НҚА порталында жарияланды.

Шектеу шараларын жүзеге асыру қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске сәйкес әзірленді.

Құжатта инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған және карантин кезінде кәсіпкерлік және өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шаралар қамтылған.

Сонымен қатар, шектеу шараларын, оның ішінде карантин жариялауға әкеп соғатын инфекциялық аурулардың тізімі бекітіліп отыр.

Олар:

оба
тырысқақ
сары қызба
вирустық геморрагиялық қызбалар
ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС)
вирустың жаңа кіші типі тудырған адам тұмауы
вирустың жаңа кіші типі тудырған коронавирустық инфекция
"Инфекциялық және паразиттік аурулардың Қазақстан аумағына әкеліну немесе таралу қаупі төнген жағдайда, Қазақстанның бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде немесе елдің бүкіл аумағында кәсіпкерлік және өзге де қызметтің, халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларымен шектеу шараларын, оның ішінде карантин енгізеді", - делінген бұйрық жобасында.

Тізімге енбеген инфекциялық аурулардың таралу қаупі төнсе, жекелеген аумақтарда карантин Қазақстанның бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың ведомстволық объектілерінде құрылымдық бөлімшелердің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен жарияланады.

Инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шектеу шаралары кезінде ел аумағына кіріп-шығу, өңірлер арасындағы қозғалыс шектеліп, митингтер, бұқаралық, мәдени, спорттық шаралар, той-томалақ өткізуге тыйым салынады. Кәсіпкерлік және басқа да қызмет нысандарының жұмысы шектеледі.

Бұйрықтың жобасы осы жылдың 28 тамызынан бері талқыланып жатыр. Талқылау 14 қыркүйекке дейін созылады. 




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.09.2020, 13:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31