Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстандықтар қашаннан бастап көшеде емін-еркін жүріп-тұра алады?

  • Қазақстандықтар қашаннан бастап көшеде емін-еркін жүріп-тұра алады?

    Қазақстандықтар қашаннан бастап көшеде емін-еркін жүріп-тұра алады?

ҚР бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 7%-дан асатын деңгейге жеткен жағдайда қандай шараларды жүзеге асыра алатындарын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
БАс санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес облыс және қала басшылары:

1) екі және одан көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде масканы міндетті түрде кию және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, халықтың тұратын жерінен еркін шығуына рұқсат беруді;

2) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, ойын-сауық объектілері жоқ жағалауларға баруына рұқсат беруді;

3) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аулаға шығуға рұқсат (3 адамнан аспайтын топтар немесе бір отбасының мүшелері) беруді ;

4) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және Көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігер белгілеген қосымша талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өңірлері арасында кіруге/шығуға (авиарейстер) рұқсат беруді;

5) саяжайға (қала сыртындағы үйге) бару үшін елді мекеннен шығуға/одан кіруге рұқсат беруді қамтамасыз ете алады. 




Көрілген: 939    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 13:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Сәуір, 12:16
    АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!
    16 Сәуір, 23:47
    1414 не үшін керек?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31