Сұрақ-Жауап. Кеңес

Көктайғақтан қалай қорғану керек? Мамандар кеңесі

  • Көктайғақтан қалай қорғану керек? Мамандар кеңесі

    Көктайғақтан қалай қорғану керек? Мамандар кеңесі

Жыл сайын қар жауып, көктайғақ болған кезде зардап шеккендер сынықтармен, соғылған жаралармен, созылған сіңірлері, буындарымен травматологиялық пункттерде медициналық көмекке жүгінеді.


Мұндай күндері қауіп жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де төнеді. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Мамандар жаяу жүргіншінің тайғақ жолда жүруінің негізгі қағидаты жан-жағына назар аударып, абай болып жүру екенін айтады. Сонымен қатар, олар мынадай жағдайларды есте сақтауға кеңес береді: "Ең алдымен, аяқ-киімді дұрыс таңдау қажет. Аяқ киім табаны тегіс, тайғанамайтын материалдан жасалғаны дұрыс, ал бұдырлы беті құлап қалудан сақтайды. Әйел адамдар биік өкшелі, яғни 5 сантиметрден биік аяқ-киімдерді кимегені жөн. Екіншіден, көктайғақ орындардан жүрген кезде басқа істерге алаңдамау қажет. Мысалы, телефонмен сөйлесуден, музыканы тыңдаудан уақытша бас тарту қажет. Үшіншіден, әрбір қадамыңызға қарап жүру қажет. Аяғыңызды нық басу қажет, бұл ретте тізелеріңіз бос және сәл бүгілген болуы тиіс. Төртіншіден, қолдарыңыз бос болуы тиіс, қолыңызды қалтаңызға салып алмаңыз. Себебі, аяқастынан тайғанап құлайтын болсаңыз қолыңызды шығарып үлгере алмай қаласыз. Бесіншіден, сатылар бойымен жүрген кезде, қалалық автокөлік аялдамаларында, дүкендерге, үйлердің кіреберістеріне және кеңселерге кірген кезде аса абай болыңыз. Себебі дәл осы жерлерде көбіне тайғанақ болғандықтан, мұзға құлау жиілігі жоғары. Көшеге шығар алдында маршрутты алдын ала мұқият ойластыру, сондай-ақ ғимараттардың төбелері бойымен, балкондар астында өтетін жолдарды айналып өту қажет, өйткені бұл орындарда мұз сүңгілері жиі құлайды", - деп ескертеді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар. Бұдан бөлек, автокөлік жүргізушілері де, көктайғақ күндері абай болуы, жылдамдығын бәсеңдетуі керек екені айтылады.

 




Көрілген: 350    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.11.2019, 10:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Желтоқсан, 18:26
    Әйелдер неге жылайды?
    28 Қараша, 10:08
    Шай ішу кімдерге зиян
    15 Қараша, 12:31
    Қант диабеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31