Қолданылмаған тауарды қанша күнде өткізуге болады?

18 сәуір 2018, 10:49

Жаңа тауарды cатып алған күннен бастап 14 күннің ішінде қайта өткізуге болады.

Ескерте кететін жағдай, тауарды қайтарып, құнын толық алу үшін ол қолданылмаған, жаңа қаптамада болуы керек. Тауарды бір-екі күн қолданып, қаптамаға салып, қайта өткізгісі келетін “қу” тұтынушылардың тауарын сатушы сараптамаға жіберуге құқылы. Сараптамада тауардың қолданылмағаны дәлелденсе, тұтынушы тауардың құнын толық өндіріп ала алады. Алайда, сараптама шығындарын тұтынушы төлейтін болады.

baribar.kz