Сұрақ-Жауап. Кеңес

Коронадағдарыс жағдайында несиені қалай алған дұрыс?

  • Коронадағдарыс жағдайында несиені қалай алған дұрыс?

    Коронадағдарыс жағдайында несиені қалай алған дұрыс?

Коронавирус адамдардың өміріне ерекше әсер етті. Өйткені халықтың табысы қысқарып, қажеттіліктері көбейді. Әсіресе салымшылар мен несие алушылардың жағдайы қиындай түсті. Коронадағдарыс кезінде несиені дұрыс алудың бірқатар жолдары бар. "ВТБ (Қазақстан) Банкінің бизнес кеңестері" айдарында жеке қаржыңызды дұрыс пайдалану жолдары туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.

№1 кеңес - «Егер сізге шынымен қажет болса, несие алыңыз».

 
Несие алушылардың басым бөлігі уақытша қажеттілігі үшін қарызға батады. Ол бас тартуға болатын, маңызы жоқ заттар болуы да мүмкін. Сондықтан, несие алатын адамдардың ай сайынғы төлемі қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келмей жатады. Мұндай кезде жағдай күрделене түседі. Нәтижесінде, дағдарыс кезінде мұндай тұтынушылардың несие төлей алмай қалу қаупі басым. Мұндай адамдар алғашқы болып банктерге несиені кейінге қалдыру туралы өтінішпен жүгінеді. 

№2 кеңес - «Несе төлеуді кейінге қалдыру, мүлдем төлемеу деген сөз емес».

Көптеген несие алушылар "төлемді кейінге қалдыруды" несиені төлемеудің заңды тәсілі ретінде қабылдайды. Алайда тек карантин кезінде табысының қысқарғанын дәлелдей алған адамдар ғана несиені төлеуді кейінге қалдыра алады. Мұндай жағдайда несие алушы бірнеше уақыт ішінде қаржылық мәселелерін шешіп, несие төлеуді жалғастырады деп болжанады. 

№3 кеңес - «Келісімшартты оқып, ақшаны санауды ұмытпаңыз».

Статистика бойынша, банк клиенттерінің тек үштен бір бөлігі ғана келісім мен оның қосымшаларын мұқият оқып шығады. Келісімшарттың әр тармағын мұқият оқып шығуды ұмытпаңыз. Пайыздық алымдар мен айыппұлдар туралы тармақтарға ерекше назар аударыңыз.

Мысалы, қарыз алушылар санкциялар көрсетілген несиені мерзімінен бұрын өтеу туралы ережені байқамай қалады. Нәтижесінде, несиеден тез құтылғысы келіп, алдын-ала төлем жасайды. Несие алушылардың басым бөлігі қарызды алдын-ала жапқаны үшін де ақша төлеу керек екенін білмей жатады. 

№ 4 кеңес - «Несиені бір адам алып, барлығы төлейтінін ұмытпаңыз»

Егер несие уақытша тілектер үшін емес, қажетті заттарға алынса, жалғыз шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Статистикаға сүйенетін болсақ, несие алушыладың ішінде ажырасқан, жалғызбасты немесе үйленбегендерге қарағанда отбасылы адамдар саны әлдеқайда аз. 

Егер көп мөлшердегі несие алатын болсаңыз, шешім басқа адамдармен келісе отырып қабылдануы керек. Яғни, несиені бір адам алғанымен, екінші бір адам төлеуі мүмкін. Сол себепті, несие алу туралы шешім ортақ болуы керек. Өйткені, бір отбасының жалақысының 30-40%-ы несиеге кететін болса, екінші адамның жалақысы "қауіпсіздік жастығына" айналады.

№ 5 кеңес - «Қарызды өтеуге арналған "Б" жоспарын құрыңыз»

Кейде шамадан тыс артық нәрселерден бас тарту лайықты соманы үнемдеуге және несиені мерзімінен бұрын төлеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, егер келісім шартта алдын-ала төлем туралы санкция болмаса, сақтандыру үшін минималды төлеммен максималды мерзімге несие алып, төлемдерді тез қайтару үшін талап етілетіннен 10-25% артық төлеген дұрыс. Бұл сіздің банк білмейтін жоспарыңыз болуы керек.




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.10.2020, 15:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31