Сұрақ-Жауап. Кеңес

Коронавирус кезіндегі қандай дәрі-дәрмектерді пайдалануға болмайды - Вирусолог

  • http://chistopol-rt.ru/

    http://chistopol-rt.ru/

Вирусолог дәрігер Надежда Жолобак "Вечерняя Москва" газетіне берген сұхбатында коронавирус кезіндегі қауіпті дәрі-дәрмектерді атады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

 

 Бұл препараттарға стероидты емес, қабынуға қарсы препараттар тобы жатады, олар: ибупрофен, аспирин, вольтарен, диклофенак және напроксен. Дәрігер түсіндіргендей, Франция мен Италия зерттеушілерінің тәжірибесі көрсеткендей, бұл дәрі-дәрмектер ағзадағы вирусты одан да сезімтал етеді. "Сондықтан ешқандай да аспириндерге жол жоқ", - деді Жолобак.

 

Оның айтуынша, бұл препараттар коронавирус үшін пайдалы орта жасайды, бұл инфекцияның өкпеге енуін жеңілдетеді, бұл қабыну процесіне, пневмонияға және альвеолалардың зақымдалуына әкеледі.

 

Дәрігер кейбір батыс дәрігерлері парацетамолды COVID-19-мен бірге қолдануға болады деп мәлімдеді. Алайда, Жолобак оны қолдануды ұсынбайды, өйткені препараттың коронавирусқа әсері толық зерттелмеген және "зардаптарын болжау мүмкін емес".

 

Сонымен қатар, вирусолог ауырсынуды басатын препараттар мен кез-келген анальгетиктер тыныс алудың асқынуын және әртүрлі патологияларды тудыруы мүмкін екенін атап өтті.

 

Ол жоғары температурада дәрігермен кеңесіп, өздігінен емделмеу керектігін айтты. Дәрі-дәрмекті тек дәрігер ғана тағайындай алады, деп қорытындылады Жолобак.




Көрілген: 750    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.05.2020, 10:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Маусым, 16:36
    ЭЦҚ-ны қашықтан алу
    17 Маусым, 16:45
    Құрттың емдік қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31