Сұрақ-Жауап. Кеңес

Коронавирус: Пациентте созылмалы шаршау синдромы неліктен пайда болады

  • Коронавирус: Пациентте созылмалы шаршау синдромы неліктен пайда болады

    Коронавирус: Пациентте созылмалы шаршау синдромы неліктен пайда болады

Коронавирус инфекциясының бастан кешірген кейбір пациенттерде созылмалы шаршау синдромы байқалады. Мұның себебін Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде постковидтік синдром сынды проблеманың көтеріліп, талқыға түсіп жатқаны қуантады. Өйткені, қазіргі уақытта күн сайын Covid жұқтырған пациенттердің саны әлемде де, елімізде де артып келе жатқаны белгілі. Бұған қоса, аурудыбастан кешірген пациенттердің көпшілігі бізде түрлі шағыммен келіп жатыр. Мәселен, таяуда қабылдауымызға бір әйел келіп, қалыпты өмірге орала алмай жүргендігіне шағымданған еді. Алайда, ол өзін не мазалайтындығыны түсіндіріп бере алмады», - деді Махаббат Бекбосынова. Оның атап өтуінше, Чадера деп аталатын шкала бар. Аталған шкала пациенттің жай-күйін барынша жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

«Пациент өзін не мазалайтынын түсіндіре алмаған, бірақ қалыпты өмірге орала алмай жүргенін түсінген кезде созылмалы шаршауға ұшыраған деуге болады. Міне осы кезде аталған шкала сол пациенттің жай-күйін шынайы бағалауға мүмкіндік береді. Шкалада 11 балл бар. Пациенттің жай-күйі 3 баллаға дейін болса, онда қалыпты саналады. Ал 4-тен 11 баллға дейінгі аралық пациентте қандайда бір проблеманың бар екендігін білдірді және оған неврологқа немесе психотерапевтке қаралуы қажет. Шындығына келгенде бізде коронавирусты бастан кешірген паценттерді тексеру хаттама бар. Ол зертханалық, сонымен қатар инструменталды зерттеу әдістерін қамтиды. Пациент қанынан жалпы сараптама аламыз. Өйткені, қан иммундық жүйенің қандай жағдайда екенін жақсы көрсетіп береді. Лейкопения мен лимфоцитопения бақылауында әлі күнге дейін тұрған пациенттер бар.Коронавирусты бастан кешіргендеріне 2-3 ай өтсе де бұл пациентердің иммундық жүйесінде проблема бар деген сөз». - деді ол. Сонымен қатар ол пациенттердің бүйрегі мен ұйқы безінің, өкпесі мен жүрегінің қалай жұмыс істеп тұрғандарын бақылауға арналған сараптамалардың биохимиялық спектрі де жүргізілетіндігін айтады. Созылмалы шаршау синдромына шалдыққан пациенттерде цитомегаловирус пен Эпштейн-Барр жоғары болатындығына назар аудартады. «Цитомегаловирус пен Эпштейн-Барр әрбір адамның ағзасында өмір сүретін вирустар. Иммундық жүйе жақсы күцде болған кезде ол бұл инфекцияларды ағза ішінде бақылауда ұстап, олардың тез көбейіп кетуіне жол бермейді. Егер иммундық жүйе әлсіресе, сол кезде түрлі симптомдар, синдромдар пайда болады. Олардың ең алғашқысы &ndash бұл созылмалы шаршау синдромы мен созылмалықабыну синдромы», - деді Махаббат Бекбосынова.

inform.kz




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 19:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31