Сұрақ-Жауап. Кеңес

Коронавирустан неге ерлер жиі көз жұмады

  • Фото: Reuters

    Фото: Reuters

Австралиялық генетик Дженнифер Грейвз (Jennifer Graves) әйелдерге қарағанда ер адамдардың неге коронавирустан жиі көз жұматынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Science Alert басылымына сілтеме жасап.

 

Ғалымның айтуынша, қауіпті індеттен ер адамдың жиі қайтыс болуы ген, гормон, иммун жүйесі және мінез сынды факторларға байланысты.

 

Мысалы, Италия және Қытайда әйелдерге қарағанда ерлердің өлімі 2 есе көп тіркеліпті. Ал Нью-Йорк қаласында (АҚШ) СOVID-19 вирусынан көз жұмған науқастардың шамамен 61 пайызы ерлердің үлесінде. Алайда 30 жастан 90 жасқа дейінгі аралықтағы өлім көрсеткіші ерлер мен әйелдер арасында бірдей.

 

Сонымен қатар ерлердің коронавирустан жиі қайтыс болуының себебі созылмалы аурулар: жүрек ауруы, диабет, қатерлі ісікпен (рак) байланысты болуы ықтимал. Мұндай аурулармен ерлер жиі ауырады.

 

Дженнифер Грейвзтің пікірінше, ерлердің коронавирустан жиі көз жұмуының басты себебі Y-хромосомасымен байланысты болуы мүмкін. Бұл хромосома "қоқыс ДНҚ-сы" болып саналады. Ер адам қартайған кезде бұл ДНҚ организмге кері әсерін тигізуі ықтимал. Бірақ Y-хромосомасында SRY гені бар. Ол ерлердің гормоны тестостеронның қызметіне жауап береді. Яғни тестостерон мөлшерінің жоғары және эстрогеннің аз мөлшері ер адамды жүрек ауруына шалдықтырады.

 

Сондай-ақ әйелдердің иммун жүйесі жақсы дамыған. Бұл оларды аутоиммун ауруларына сезімтал еткенімен, бірақ вирустық ауруларға шалдығу қаупін төмендетеді.

 




Көрілген: 600    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.04.2020, 08:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:15
    Ерлер неден қорқады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30