Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қосымша арқылы ХҚКО-дағы бірқатар қызметтер қолжетімді болды

  • © Sputnik / Ксения Воронина

    © Sputnik / Ксения Воронина

Бұдан былай eGovMobile қосымшасы арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-дағы кезекке тапсырыс беріп немесе қайта брондауға болады. Ол үшін тұтынушы өзіне жақын орналасқан ХҚКО мен ыңғайлы уақытты таңдай алады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, ХҚКО-на кезекті брондауды барынша жеңілдету аталған қызметті жүзеге асырудағы басты мақсат болып табылады.

"Біз пайдаланушылардың компьютерге әрдайым кіруге мүмкіндігі болмайтынын және қосымша арқылы кезекке тұру ыңғайлы және жылдам екенін түсініп, қызметті қосымшаға шығару туралы шешім қабылдадық", &ndash деді Тұрысов.
Сондай-ақ, қосымшада бірнеше қызметті таңдау мүмкіндігі қарастырылған. Яғни, қазақстандықтар бір рет брондау арқылы үш қызметке дейін ала алады. Ол үшін "Бірнеше қызметтер беру" тармағын белгілеу қажет. Содан кейін оған көп уақыт бөлінеді.

Тағы қандай қызметтерді пайдалануға болады

Сонымен қатар, аталған қосымша арқылы азаматтар "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат беру" жаңа қызметін пайдалана алады. Осы арқылы өздерінің әлеуметтік есептемелерін тексеруге мүмкіндік бар. Ал анықтаманы бірнеше минут ішінде алуға болады.

Сол сияқты "Құқықтық көмек" бөлімінде "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағатынан мұрағаттық анықтамаларды немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алу" қызметі де қолжетімді.

Айта кетейік, бұл қосымшада электрондық үкіметтің сұранысқа ие 70-тен астам қызметі мен цифрлық құжаттардың 6 түрі іске асырылады.

sputniknews.kz




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30