Сұрақ-Жауап. Кеңес

Құлпынай жемеген жөн: дәрігерлер пайдалы жидектерді атады

  • Құлпынай жемеген жөн: дәрігерлер пайдалы жидектерді атады

    Құлпынай жемеген жөн: дәрігерлер пайдалы жидектерді атады

Мамандар қандай жидектің адам денсаулығы үшін пайдалы екенін айтты. Дәрігерлер қандай жидекті жеп, қандай түрінен бас тарту керектігі туралы ақпаратпен бөлісті.


Пайдалы жидектер

Адам үшін ең пайдалы жидектердің тізімін итбүлдірген мен көкжидек бастап тұр, деп хабарлайды РИА Новости. Олардың артықшылығы – химиясыз, табиғи жолмен өсуінде. Итбүлдірген мен көкжидек құрамындағы флавоноид мөлшері бойынша да көш бастап тұр. Бұл адам ағзасындағы ферменттердің жұмысын күшейтеді.


Алайда бәрі сүйіп жейтін құлпынай пайдасы ең аз жидектердің бірі болып шықты. Өйткені бұл жидекті өсіру кезінде химиялық тыңайтқыштар қолданылады.


Жидектің қандай пайдасы бар

Жидек фолий қышқылы, магний, мыс , силен, С дәрумені сынды микроэлементтерге бай. Бұл заттар жүрек-қантамыр және жүйке жүйесінің жұмысына оң әсерін тигізеді. Иммунитетті жақсартып, қартаю процесін баяулатады.Сондай-ақ, қант диабетіне шалдыққандарға жидек жеуге рұқсат етіледі. Себебі жидектің гликемиялық индексі, яғни қандағы глюкоза деңгейін арттыруы өте төмен, дейді диетологтар.


Жидек асқазанның микрофлорасын жақсартады. Оның пайдасын барынша арттыру үшін жидектің тек бір түрін ғана жеумен шектелмеу керек. Дәрігерлердің айтуынша, оларды араластырып жеген кезде денсаулыққа тигізетін пайдасы әлдеқайда арта түседі.


Күніне қанша жидек жеу керек

Мамандар күніне 100-120 грамм жидек жеуге кеңес береді. Олардың дәрумендері ағзаға әсер етуі үшін аптасына, кем дегенде, үш рет жеген жөн.


Кімге жидек жеуге болмайды

Алайда кешке жидек жеуден бас тартқан дұрыс. Өйткені ол қарын аштырады. Асқазан, ішек аурулары, панкреатит, гастрит, асқазанның ойық жарасы бар адамдарға да жидектен бас тартуға кеңес берілді.




Көрілген: 1271    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.06.2019, 18:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31