Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қыста көліктің жанар-жағармайын үнемдеу үшін не істеу керек?

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

 «За рулем» журналының сарапшылары қысқы уақытта жанар-жағармай шығынын азайту тәсілдерімен бөлісті.

 

Сарапшылардың пікірінше, суық мезгілде қозғалтқышты көп уақыт қыздырмаған дұрыс. Себебі қазіргі қозғалтқыштарға ұзақ уақыт қыздыру қажет емес. Көлікті қардан тазарту уақыты қозғалтқышты қыздыруға әбден жеткілікті.

 

Бұдан бөлек көлікті оталдырғаннан кейін бірден жылдам жүрмеген дұрыс.

 

Көліктегі қарды толығымен тазартқан дұрыс. Өйткені көлік жеңілдей түседі, сондай-ақ қарсы беттегі ауа ағымына қарсы тұру оңайырақ болады.

 

Қыста көлік шинасындағы ауа қысымын да бақылау қажет. Себебі аязда оның қысымы түсіп кетеді. Салдарынан көлік жанар-жағармайды көбірек жұмсайды.

 

Жанар-жағармайдың аз жұмсалуына тұтқырлығы төмен мотор майы да себептеседі. Бұдан бөлек автокөрпешені де қолданған жөн. Ол көлік тоқтап тұрғанда мотордың суып қалуына жол бермейді.

 

Сарапшылар көліктен артық заттың бәрін алып тастауды ұсынады. Мәселен көлік төбесіндегі жүксалғышты.

 

Сонымен қатар көлік жүргізу мәнерін де қыс мезгілінде өзгерткен дұрыс. Қыста көлікпен жүйіткімей, бірқалыпты жүрген жөн деп есептейді.

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 1836    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.11.2020, 02:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31