Сұрақ-Жауап. Кеңес

ҚЫЗДАРҒА КЕҢЕС: БАҚЫТТЫ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ…

  • © pinterest.com

    © pinterest.com

Әр әйелдің ер адамға сұлу, тартымды көрінгісі келуі табиғи нәрсе. Нәзік жандылар отбасында сүюді және сүйікті болуды басты орынға қояды. Бірақ жеке өмір ойдағыдай түзіле салуы оңай емес. Бүгінгі материалымызда пайдалы кеңестерді бөлісе отырып,барша әйелге бақытты жанұяның анасы болуды тілейміз.

 

Сыйластық.

 

Кейбіреулер үшін бұл өте қарапайым естілетін болар?! Бірақ тек сыйластықтың арқасында ғана берік қатынас орнайды. Мысалы, әйел адамның күйеуінің достарына жібермейтіні, не тексеретіні туралы мыңдаған әзіл әңгімелер бар. Оның бәрі жайдан жай шыққан жоқ! Көпшілік нәзік жандылар өзгенің аймағын «талқандап» кетеді. Сіз одан аулақ болыңыз! Оны құрметтесеңіз, ол да сізді бағалайды.

 

Жиі мақтаңыз.

 

Ер адамдар бала секілді мақтағанды жақсы көреді. Әсіресе, сүйіктіңіз бір нәрсе жасаса бағасын асырып беріңіз. Олар біздің алдымызда мықты, шебер, батыл болып көрінгісі келеді. Ал, оны сіз өзіңіз айтып тұрсаңыз, әрине келесі де ол тағы бір «тауды қопаруға» дайын болады.

 

Шынайы болуға тырысыңыздар.

 

Ол бірінші күннен бастап сізге ашық, шыншыл болуы керек. Оған қалай болуы керектігін сіз үйретпеңіз. Тек оған өзінің бар болмысын көрсетуге мүмкіндік беріңіз.

 

Алғашқы кездесуде ақыл айтпаңыз!

 

Иә, кейбір қыздар ойларын ашық айтатыны сонша, алғашқы кездесуден кейін-ақ жігіттің тәрбиесімен айналысып кетеді. Бұл – қателік! Сіз оның анасы болғыңыз келмейтін шығар?! Бірақ, үйреніскен соң оның сізге ұнамайтын әдеттерін оны ренжітіп алмайтындай етіп айту керек. Тек оған ыңғайсыздық тудырып, не ашыландырып алмаңыз.

 

Ер адамнан бірден реакция күтпеңіз!

 

Ер адамдарға әдеттерін бірден қалпына келтіру қиын. Сондықтан сіздің ескертуіңізден кейін, оның мінезі бірден өзгеріп кетеді деп күтпеңіз. Шыдамды болып, оған уақыт беріңіз. Ал сіз ол үшін маңызды болсаңыз, ол сіздің пікірлеріңізбен санасады.

 

Жігітті бір көріп шешім шығармаңыз!

 

Иә, ер адамдар мықты, батыл болады. Бірақ олар да сіз секілді алғашқы кездесуге алаңдайды, толқиды. Жігіт те сұлуға ұнап, оның көңілінен шығуды қалайды. Сондықтан да кейде алғашқы кездесуде «біртүрлі» көрініп отырса, түсіністік танытыңыз. 

 

ikerim.kz




Көрілген: 510    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.03.2020, 00:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Маусым, 16:36
    ЭЦҚ-ны қашықтан алу
    17 Маусым, 16:45
    Құрттың емдік қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31