Сұрақ-Жауап. Кеңес

МӘМС жүйесінде өз мәртебеңізді қалай тексеруге болады

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Қазақстанда медициналық көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және тегін медициналық көмектің кепілдігі аясында көрсетеді.

 

Сақтандырылған қазақстандықтарға емханаларда емделу, дәрігерлерге қабылдауға бару, зертханалық қызметтер, диагностика, сондай-ақ дәрі-дәрмектер қолжетімді. МӘМС есебінен пациенттер денсаулығын ауруханаларда емдей алады.

 

Сондай-ақ, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жоғары технологиялық медициналық қызметтер, яғни күрделі бірегей операциялар қолжетімді. Паллиативтік көмек те көрсетіледі. Емделмейтін, өмірге қауіп төндіретін және ауыр өтетін аурулары бар пациенттерді қолдау да осы қызметке кіреді.

 

Бұдан басқа, медициналық сақтандыру жүйесі бойынша мұқтаж адамдарға мейірбике күтімі ұсынылады.

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін міндетті медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) аударымдар қажет, оны не жұмыс беруші, не дербес төлеушілер төлейді. Осылайша, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер әрбір қызметкердің табысынан 2% , ЖК - 1,4%, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар - табысынан 1%, қызметкерлер-табысынан 1%, дербес төлеушілер-1 ЕТЖ-ден 5% сақтандыру қорына аударуы тиіс.

 

Мәртебені ресми қызметтер арқылы ӘМСҚ сайтынан fms.kz, "Qoldau 24/7" мобильді қосымшасынан, Saqtandyru-bot Telegram-нан тексеруге болады. Барлық жүйелер дұрыс және ашық жұмыс істейді.

 

Qoldau 24/7 қосымшасын жүктеп алып, өтініш, алғыс, ұсыныс қалдыруға, сондай-ақ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес алуға болады.

 

"Бүгінгі таңда мобильді қосымшаны жүктеп алу саны 117 мыңнан асады, барлық өтініштердің 50%-дан астамы мобильді қосымша арқылы келіп түседі, бұл 1406 байланыс орталығына жүктемені азайтуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық ӘМСҚ филиалының баспасөз қызметінде.

 

Күн сайын негізгі мәселелер бойынша азаматтардан 1800-ден астам өтініш келіп түседі. Сақтандыру мәртебесін тексеру, ТМККК және МӘМС кіретін қызметтер бойынша, медициналық ұйымға тіркеу бойынша МӘМС төлемдерін төлеу тәсілдері мен мөлшерлерінің мәселелері және т. б. сұрақтар бойыеша хабарласады.

 

Халықты қызықтырған мәселелерге жедел әрекет ету үшін Qoldau 24/7 арқылы өтініштерге тұрақты мониторинг жүргізіледі. Барлық өтініштер регламентке сәйкес 1-ден 5 жұмыс күніне дейін өңделеді.

 

"МӘМС мәселелері бойынша халық хабардар болу үшін, қосымшаның функционалы қосымша кеңейтілді. Осылайша, "сақтандырылу мәртебесі" бөлімінде төлемдер бойынша ақпарат толықтырылды, ТОП 10 жиі қойылатын сұрақтар да енгізілді", - деп түсіндіреді мамандар.

 

Қазіргі уақытта qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жеңілдікті санаттағы адамдарға (БЖТ төлеу себебі бойынша жеңілдікті санаттан түсіп қалған) уақытша сақтандырылу мәртебесін беру бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

Сондай-ақ, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы карантин кезінде МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуден босатылған ШОБ ұйымдарының қызметкерлеріне сақтандыру мәртебесі беріледі.

 

Есептік кезеңде ШОБ 3321 жұмыскеріне сақтандыру мәртебесі берілді.

 

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС аясында қызмет көрсету бойынша барлық сұрақтар мен шағымдарды 1406 тегін нөмірі бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының call-орталығына жіберуге болады. Сондай-ақ өтінішті https://t.me/SaqtandyryBot телеграм-ботта қалдыруға болады.

 

 

egemen.kz




Көрілген: 642    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.10.2020, 14:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31