Сұрақ-Жауап. Кеңес

Мереке күндері жұмысқа тарту қаншалықты заңды? Маман түсіндіреді

  • Мереке күндері жұмысқа тарту қаншалықты заңды? Маман түсіндіреді

    Мереке күндері жұмысқа тарту қаншалықты заңды? Маман түсіндіреді

Еңбек нарығында кез келген компания жұмыс күші қажет болған жағдайда мереке күніне немесе демалысқа қарамастан қоластындағыларды жұмысқа тартуы мүмкін. Бірақ бұл қаншалықты заңды? Ол күндер жалақы мөлшеріне қалай әсер етеді? Қосымша ақы төленуі тиіс пе? Tengrinews.kz тілшісі осы сұрақтарды заңгер Данияр Түймебаевқа қойып көрді.


Қай күндер демалыс және мереке күндері болып саналады?


Түймебаев еліміздегі мереке күндердің барлығы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңда белгіленгенін айтады. "ҚР Еңбек кодексінің 84-бабында демалыс күндерін белгілеу тәртібі туралы айтылған.


Осылайша, заң бойынша бес күндік жұмыс аптасында қызметкерге аптасына екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып саналады. Ал бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек келісімшартында белгіленеді. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына сәйкес, мерекелер ұлттық және мемлекеттік болып бөлінеді.


Осы заңның 5-бабы бойынша, елімізе мемлекеттік және ұлттық мерекелердің барлығы демалыс күні болып саналады:


1-2 қаңтар - Жаңа жыл;


8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;


21-23 наурыз - Наурыз мейрамы


1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;


7 мамыр - Отан қорғаушы күні;


9 мамыр - Жеңіс күні;


6 шілде - Нұр-Cұлтан күні;


30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;


1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.


16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (жалғыз ұлттық мереке).


Қызметкерді оның келісімінсіз жұмысқа тартуға бола ма?


Түймебаев жалпы ереже бойынша жұмыс беруші қоластындағы қызметкерін демалыс немесе мереке күндері тек оның жазбаша рұқсатынан соң ғана жұмысқа жұмылдыра алатынын айтады. Сондай-ақ, басшылық тарапынан бұйрық шығуы қажет дейді.


Қандай жағдайларда жұмысқа шақыртуға құқылы?


Бірақ заңгер басшылықтың кейбір жағдайларда жұмысқа тартуға құқы бар екенін айтады. ""Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заң бойынша, кейбір жағдайларда қызметкерді оның рұқсатынсыз-ақ жұмысқа шақыртып алуға болады.


Мысалы, төтенше жағдайлардың, зілзаланың немесе өндірістік апаттың алдын алу немесе олардың салдарын жою үшін; еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу және оларды тергеп-тексеру үшін; ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі жедел орындалуына байланысты болатын шұғыл, күтпеген жұмыстарды орындау үшін қызмкеткердің рұқсаты қажет емес", - деп түсіндіреді заңгер. Оның айтуынша, бұл жағдайлардың барлығында да міндетті түрде басшылықтың жазбаша бұйрығы болуы керек.


Демалыс күндері үшін ақша төлене ме?


Заңгер Еңбек кодесінің 85-бабында ("Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс") сәйкес, мейрам немесе демалыс күндері жұмысқа шыққаны үшін берілетін өтемақының екі формасы бар екенін айтады. "Алғашқысы - сол күні жұмысқа шыққаны үшін жұмыс күндерінің бірінде демалыс беру. Екіншісі - мейрам немесе демалыс күні үшін өтемақы төлеу. Еңбек кодексінің 109-бабына (Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу") сүйенетін болсақ, кем дегенде әдеттегі бір күндегі жұмыс сағатынан 1,5 есеге көп ақша төленуі тиіс. Дегенмен кей жағдайларда, мысалы, ұжымдық шартта одан да көп коэффициент көрсетілуі мүмкін", - дейді заңгер. Мысалы, компания басшылығының бұйрығымен қызметкер 1 желтоқсан, мейрам күні жұмысқа шақыртылды. Бес сағат жұмыс істеп қайтты. Еңбек келісімшартына сәйкес, мереке күндері шыққаны үшін әдеттегіден 1,5 есеге көп ақы төленуі керек. Сонда 180 000 теңге жалақы алатын қызметкер демалыс күні жұмысқаны үшін қанша ақша алуы тиіс?


Жалақысы - 180 000 теңге


Бір айдағы жұмыс күні: 22 күн


Бір айдағы сағат саны: 22 * 8 = 176 сағат


Бір сағатына: 180 000/ 176 = 1 022 теңге


Мереке күндері шыққаны үшін төленетін ақы (1 күнге): 180 000 / 176 * 5 сағат *1,5 = 7 670 теңге


Желтоқсан айы үшін берілуі тиіс жалақы: 180 000 теңге + 7 670 теңге = 187 670 теңге.


Сондай-ақ, Түймебаев демалыс күні өтемақы алмай-ақ, оның орнына демалыс алу заңды екенін айтып өтті. "Еңбек кодексінің 85-бабы бойынша ("Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс"), демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін жұмыскердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе осы Кодекстің 109-бабында көрсетілген мөлшерде ақы төленеді, яғни бір күндегі жұмыс сағатынан 1,5 есеге көп ақша төленуі тиіс", - деп түсіндірді заңгер.

 




Көрілген: 353    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 12:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Желтоқсан, 18:26
    Әйелдер неге жылайды?
    28 Қараша, 10:08
    Шай ішу кімдерге зиян
    15 Қараша, 12:31
    Қант диабеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31