Сұрақ-Жауап. Кеңес

Нумеролог Тоқаевтың туған күні президент жайлы не дейтінін айтты

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев отставкасын жариялау үшін таңдап алған 2019 жылдың 19 наурызы, сағат 19:00 уақыты - мәлімдеме жасау үшін ең қолайлы. Бұл туралы нумеролог Ирина Кальницкая   Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында айтты.


"19 наурыздағы бірінші 1 саны бір өзгерістің келе жатқанын, жаңаруды білдіреді. Ал 19 саны бүтіндей карьерадағы ең мықты сан, ол күннің символы іспетті. Бір сөзбен айтқанда, биліктің ауысу кезеңінің 19-шы күнге келуі бізде барлығы жақсы болатынын білдіреді", - дейді нумеролог.


Ирина Кальницкая 19 санынан шығатын энергия да кез келген ақпаратты жеңіл қабылдауға қолайлы болғанын айтады.


"Кеше кез келген адаммен ешқандай кедергісіз байланыс орнатуға болатын сондай жайлы күн болды", – дейді ол.


Сондай-ақ маман президент боп үлгерген Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күнін де екшеп көрді. Ол кісі 1953 жылы 17 мамырда дүниеге келген екен.


"17 – жұлдыздар мен жаратушының саны. Сол секілді, қараңызшы, бүгінгі күн де бірігу, жаңа жол символын білдіреді. Яғни, бұл күн қазақстандықтардың бір отбасы секілді жарқын болашаққа бірге қадам басуға әзір екенін көрсетеді", - дейді Кальницкая.


Президент сайлауын, нумерологтың пікірінше, сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында өткізген дұрыс. Өйткені бұл кезеңдегі даталарда билік пен заңның күші бар. Сондай-ақ мемлекет басшысын сайлауға нумеролог тамыз айы жақсы келетінін айтады. Өйткені бұл ай әділдік айы боп табылады екен.


Айта кетсек, кеше – 19 наурызда кешкі сағат 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатындығын жариялады. 20 наурызда түсте парламент қабырғасында жаңадан президент болған Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады. Қазақстанда сайлау өтіп, жаңа президент тағайындалғанша оның өкілеттігі заңды боп табылады.


 




Көрілген: 1335    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.03.2019, 15:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы
    3 Мамыр, 20:09
    ӨМІРДІҢ 30 ҚАҒИДАСЫ
    28 Сәуір, 19:29
    Қарыз беру керек пе?
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31