Сұрақ-Жауап. Кеңес

Өмірді ұзартудың қарапайым әдісі аталды

  • Өмірді ұзартудың қарапайым әдісі аталды

    Өмірді ұзартудың қарапайым әдісі аталды

Бір сағат еруендеу қарт адамдардың өмірін ұзартуға көмектеседі. Сонымен қатар, дәрі-дәрмекке аз ақша жұмсалады, дейді жапон ғалымдары. Күнделікті таза ауада серуендеу өмірді ұзартады. Жапон ғалымдары серуендеуге жұмсалған бір сағаттың қартайған адамдардың денсаулығына оң әсер ететінін анықтады.

British Medical Journal-да жарияланған зерттеу авторлары жылдам қарқынмен, минутына жүз қадамдай жүру керек екенін атап өтті.

13 жыл ішінде мамандар 40-79 жас аралығындағы 27 мың еріктіні бақылаған. Күніне кем дегенде бір сағат жүретін қатысушылар белсенділігі төмен адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүретін болып шықты.

Сонымен қатар, бірінші топтағы адамдар дәрігерлердің қызметіне аз ақша жұмсаған. Осылайша, белсенді ер адамдар бұл мақсатқа 7,6%, ал әйелдер 2,7% аз қаржы шығындаған, деп хабарлады РИА Новости зерттеуге сілтеме жасап.  

Авторлар сонымен бірге осы кеңеске құлақ асатын адамдар артық салмағына қарамастан ұзақ өмір сүретінін мәлімдеді.

Бұған дейін америкалық ғалымдар басқа бір зерттеуінде күнделікті медитация да өмір сүру ұзақтығына ықпал ететінін анықтаған болатын. Зерттеушілердің айтуынша, медитация практикасы күйзелісті және үрей сезімін төмендетуге көмектеседі, сол арқылы адамның өмірін ұзартады. Яғни қан қысымының тұрақтануы жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім қаупін төмендетеді.   




Көрілген: 4105    Пікірлер: 0

сенбі, 06.02.2021, 12:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30