Сұрақ-Жауап. Кеңес

Пәтерді жалға берегенде абай болыңыз!

  • © CC0 / ming dai

    © CC0 / ming dai

Ішкі істер министрлігі пәтерді жалға беретін адамдарға ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, Қарағанды облысында синтетикалық есірткі жасаған шетел азаматы ұсталды. Ол көрші елден келіп, тұруға ықтияр хат алған. Одан кейін жалға алған жеке меншік үйде есірткі жасау зертханасын ашып алған.

 

"Оны ұстау кезінде 750 грамм дайын синтетикалық есірткі тәркіленді. Соның бәрін құпия жерде тығып, ірі партиямен сатпақшы болған. Ал тұрғылықты жерін тінту кезінде химиялық сұйықтық, канистрлер, сондай-ақ, барлық қажетті құрал-жабдықтар табылды", &ndash деді Әмірханов онлайн брифингте.

 

Қазіргі кезде тергеу шаралары жүргізілуде. Осы қылмысқа басқа адамдардың қатысты бар ма, жоқ па, соның бәрі тексеріліп жатыр. Күдіктінің өзі кінәсін мойындады. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 5-6 келіні құрап отыр.

 

"Осы есірткінің бір грамы 15 000 теңге тұрады. Сонда тәркіленген заттың жалпы құны, шамамен, 76 миллион теңгені құрайды. Бұл &ndash ірі партия. Осы орайда ел азаматтарына ескерту жасап кеткен жөн. Жеке меншік үйлер мен пәтерлерді жалға бергенде күдік туғызатын заттар мен құрал-жабдықтарды байқасаңыздар, бірден полицияға хабар беріңіздер", &ndash деп атап өтті Әмірханов.

 




Көрілген: 793    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 13:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30