Сұрақ-Жауап. Кеңес

Сарымсақтың суы коронавирустан қорғайтыны рас па?

  • http://www.bagnet.org/

    http://www.bagnet.org/

Қазақстандықтар WhatsApp-та бір-бірімен COVID-19-дан қорғану туралы кеңестермен бөлісуде. Пайдаланушылар бір ай бойы сарымсақ суын ішуді ұсынады. Бұл вирусқа қарсы табиғи иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді екен. Бұл өтірік деп хабарлайды stopfake.kz.

 

 

Сарымсақ коронавирусты емдеу үшін пайдалы деген теорияның авторы &ndash ташкенттік дәрігер Шухрат Халилов. Оның айтуынша, Sars-CoV-2 вирусы ағзаға еніп, иммундық жүйені зақымдайды және тамақпен араласып, пейер бляшкаларына &ndash аш ішектің шырышасты қабатындағы солитарлы лимфа фолликулаларының жиналуына әсер етеді.

 

Шын мәнінде, SARS-CoV-2 вирусы ас қорыту жүйесіне мүлдем енбейді. Коронавирус тыныс алу жүйесі мен өкпені зақымдайды. Иммундық жүйеге де әсер етпейді. Керісінше, науқастардағы асқынулар көбінесе ағзаның ауру қоздырғышына тым күшті жауап беруіне байланысты орын алады.

 

Оның үстіне, ДДСҰ сарымсақтың пайдасы туралы теорияны бұрын жоққа шығарған болатын.

 

&ndash Сарымсақ &ndash белгілі бір микробқа қарсы қасиеттерге ие денсаулыққа пайдалы өнім. Дегенмен, қазіргі індет кезінде жаңа коронавирусты жұқтырудың алдын алу құралы ретінде сарымсақты қолданудың тиімділігі туралы ешқандай дәлелдер табылған жоқ, &ndash делінген ұйымның ресми сайтында.

 

Ресейлік дәрігерлер мен қазақстандық фактчекерлер сарымсақ суы COVID-19-ға қарсы иммунитетті қалыптастыруға әсер етпейтіні туралы жазған болатын.

 

 




Көрілген: 4887    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 09:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31